• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Абай өңірінде Huawei академиясы ашылды

03.03.2024
0
117
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Shakarim University өңірдегі Huawei ICT Академиясының ашылу салтанатын өткізді. Бұл сәт білім ордасында ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қалыптасуы мен дамуындағы жаңа дәуірдің басталуын белгілейді. Бүгінде білім ордасы «SMART жүйелер және бағдарламалау», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету /Smart computing», «Информатика және робототехника» білім беру бағдарламалары аясында өңірге білікті мамандарды даярлауда.

Рәсімге Huawei Technologies Kazakhstan бас директорының орынбасары Xu Hai мырза, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова, Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев, Шәкәрім университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы Орман Нұрбаев, АКТ инфрақұрылымы мен зияткерлік құрылғылардың жаһандық тасымалдаушысы «Huawei Technologies Co Ltd» трансұлттық корпорациясының өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.

Шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің құттықтау сөзімен басталды. Ведомство басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысының IT және жасанды интеллект салаларының экономиканы цифрландыруда аса маңызды рөл атқаратындығын атап өткендігін, бүгінгі шараның өңірдің дамуына өзіндік үлес қосатындығын айтты.

Huawei Technologies Co. Ltd. — телекоммуникация саласындағы ірі әлемдік компаниялардың бірі. Huawei әлемдегі барлық университеттерге білім және ғылым саласындағы бағдарлама бойынша ынтымақтастық ұсынады. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша ICT Академияның саны – 33, ал білім беру курстарынан өткен студенттердің саны – 5000-нан жоғары. Бұл академия — инфокоммуникациялық технологиялар саласындағы студенттерді тереңірек оқыту үшін әлемнің жетекші университеттерімен бірлесіп жүзеге асыратын білім беру саласындағы ынтымақтастықтың халықаралық бағдарламасы. Бүгінгі ашылған АКТ академиясы – 2024 жылдың алғашқысы.

Басқосу аясында Shakarim University мен Қазақстандағы «Huawei» компаниясы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық және білім беруді дамыту туралы тиісті құжаттарға қол қойды. Бұл серіктестік студенттерге жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашып, олардың еңбек нарығына сәтті енуіне көмектесері анық.

Жиында сөз сөйлеген Huawei Technologies Kazakhstan бас директорының орынбасары Xu Hai тараптар арасындағы ынтымақтастықты атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға әзір екендігін ерекше айтты. Сондай-ақ, жиналған қауымға ICT Academy жобасы бойынша ақпарат беріп, академияның қызметіне тоқталды. Өз кезегінде Shakarim University ректоры Думан Орынбеков ICT Академияның Абай өңірінде жаһанды инновациялық экожүйені дамытуда елеулі үлес қосары анық екендігін, ел аумағы мен шетелде де қолданыс табатын жаңа идеялар мен жобалардың ұстаханасына айналатындығына сенімін білдірді.

Меморандум аясында тараптар ақпараттық технологиялар бойынша тренингтер өткізеді, студенттерді Huawei сертификаттарын алуға шақырады, олардың таланттары мен практикалық дағдыларын дамытады.

Тоқсан жылдық тарихы бар, көпсалалы ЖОО Shakarim University жанынан ашылған Huawei ICT Академиясы – студенттерге IT саласындағы озық технологиялар мен білімге қол жеткізуге мүмкіндік беретін, аймақты дамытудағы маңызды қадам. Себебі, академия арқылы өңірге технологиялық стартаптарды тартуға, халықаралық жобаларға қатысуға мүмкіндік болады.

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты