Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қаржы вице-министрі Ержан Біржанов хабарлады.
МКК осы процесті автоматтандырды. Тексеру процестері мемлекеттік органдармен, екінші деңгейлі банктермен, қаржылық ұйымдармен онлайн түрде жүргізіледі.
«Қандай да бір субъективті фактор жоқ. Барлығы автоматтандырылған. Соның арқасында өтініш берушілер тек қана салық органдарына жүгініп, осы процеске қатысуға мүмкіндік алып отыр», — деді вице-министр.
Оның айтуынша, жеке тұлғалардың банкроттығы заңнамасын жетілдіру аясында жаңадан нормалар енгізілмек.