• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

189 кг «Сора өсімдігі» кептірген адамға қатысты сот үкімі шықты

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ҚК 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (есiрткi затын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтауды және тасымалдау) бойынша айыпталушы А.Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

17.01.2024
0
Жамбылда жарты жыл ішінде 8350 азаматтық істің өндірісі сәтті аяқталған

Symbol of law and justice in the empty courtroom, law and justice concept.

95
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы Шу ауданында орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істеп жүрген А.Б., аса ірі көлемде есірткі заттардың заңсыз айналымымен айналысуға қылмыстық ойы туындаған. Содан кейін атқа мініп, шаруа қожалығының жанында жабайы өсетін қарасора өсімдігі өсетін учаскеге барып, орақ қолдану арқылы қарасораны жинап алған. Содан кейін ешкім тауып алмауы үшін, атпен басқа жерге кептіру үшін апарған. Оларды аса ірі көлемде заңсыз сақтап, шаруа қожалығынан 1 шақырым жердегі сай ішіне жинаған.

«Қарасора-2023» шұғыл іс-шараларын жүргізу барысында аталған учаскеде Жамбыл облысы полиция Департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бойынша өңіраралық бөлімнің қызметкерлерімен А.Б. қылмыс үстінде ұсталған.

Қарап-тексеру барысында 189 940,0 грамм кептірілмеген «сора өсімдігі» есірткі заты және орақ анықталып, алынған.

Тараптардың позициясы:

Прокурор сотталушы А.Б.-ға 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сот отырысында сотталушы А.Б. өзіне тағылған айыпты ішінара мойындап, есірткі заттарын өткізу мақсатында емес, жеке тұтыну үшін жинағын жеткізді.

Дәлелдемелер бойынша:

Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: сотталушының және куәлердің жауаптарымен, тергеп-тексеру амалдары жүргізілу барысында толтырылған процессуалдық құжаттармен, сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің өзге де материалдарымен дәлелденді.

Сот шешімі:

Сот қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайларға, А.Б..-ның оның шын жүректен өкінуін және кәмелетке толмаған балаларының болуын табады. Қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын ауырлататын мән-жай сотпен анықталмады.

Сот үкімімен ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша А.Б..-ға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Биыл 6 айда электросамокаттардың қатысуымен 78 жол апаты тіркелді

Екі жас скутер айдап мүгедек болып қалды

24.05.2025
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Алматы қаласының әкімі тағайындалды

24.05.2025
Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

23.05.2025
Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

23.05.2025
Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

23.05.2025
Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

23.05.2025
Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

23.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский