• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Облыс әкімі отандық ауыл шаруашылығы ғалымдарымен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев отандық ауылшаруашылығы саласының ғалымдарымен кездесіп, аграрлық аймақтағы ауқымды мәселелер мен алдағы жоспарларды жан-жақты талқылады.

16.10.2023
0
Облыс әкімі отандық ауыл шаруашылығы ғалымдарымен кездесті
57
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау керектігін, ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін, қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану қажеттігін баса айтқан болатын. Осыған айрықша назар аудартқан аймақ басшысы саладағы негізгі міндеттердің бірі – инновациялық амал-тәсілдерді қолға алу, ауыл шаруашылығы өндірісін агроғылыммен ұштастыру екендігін атап өтті.

— Жамбыл облысы ауылшаруашылығы саласымен тығыз байланысты. Асыраушы саладағы қордаланған күрделі мәселелердің барлығы бізге де қатысты. Биылғы құрғақшылық мәселесі, тамшылатып суару жүйесін енгізу, ауылшаруашылығы өнімдері өндірісінің тиімділігін арттыру, ветеринария саласындағы жағдайлар біз үшін аса маңызды.  Осы ретте ғылыми тұрғыда саладағы мәселелерді оң шешіп, дамыту жолында ғалымдардың қосар үлесі зор,-деді облыс әкімі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы, профессор Теміржан Айтбаев алдағы уақытта ел аумағында алғашқылардың бірі болып Әулиеатада көкөніс бақша шаруашылығын құруға қатысты ұсынысын жеткізді.

— Институттағы 200 түрлі тұқымның 70-тен астамы Жамбыл өңірінде өнім беріп жатыр. Шетелде пияздың 1 гектары үшін тұқымға 550-600 мың теңге кетсе, отандық шаруашылықтарда ол он есе арзан. Ол үшін тұқым шаруашылығын дамытуымыз керек. Еліміздегі пияздың да негізгі алқаптары Жамбыл облысына тиесілі. Кезінде Әулиеатада сәбіз де пияз секілді көп өсетін еді. Қызанақ, жеміс-жидек, жүзім, жылыжай шаруашылығын да облысқа кеңінен енгізсек дейміз. Осы ретте бірер жыл бұрын ел аумағы бойынша алғаш рет көкөніс шаруашылығын Байзақ ауданында құрсақ деген жоспарымыз болған еді. Сол жоспарды жүзеге асыруға ниеттіміз,-деді Теміржан Ерқасымұлы.

Ербол Қарашөкеев көршілес қырғыз елінде де егістік жерлер көп болмағанымен тұқым өндіру ісі жоғары деңгейде жолға қойылғанын атап өтіп, ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Ғалия Әкімбекова ел аумағында кооператив құру бойынша басқа өңірлерге әулиеаталық шаруашылық ұжымдарының ішкі механизмдерін пилоттық жоба ретінде көрсетсек деген ұсыныс білдірді.

Ал, ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Нұрлан Балғабаев жерасты суларын пайдалану, сор жерлерді қалпына келтіру бойынша ойларын ортаға салды. Оның айтуынша, жерасты суларын пайдалану бойынша неше гектарға қанша қаражат кететіні де салалық министрлікке ұсынылған.

Облыс басшысы аймақта 22 мыңнан 25 мың гектарға дейін пияз егілсе, соның тең жартысы тамшылатып суарылатынын, осы бағытта ұңғыма қазу жұмыстарына субсидияны 80 пайызға арттыру шаралары да орындалып жатқанын жеткізді.

Сол секілді ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Жан Ниязбеков зиянкестермен, шегірткемен күрес жұмыстарына сала мамандары биологиялық, экологиялық және технологиялық жағынан дайын екенін айрықша атап өтті.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор Аюп Ысқақов шаруалардың біліктігіне қатысты ойын ортаға салды.

— Жасыратыны жоқ, қазір жастардың арасында асыраушы салаға деген қызығушылық өте төмен. Себебі мектептер баланы оған бейімдемейді. Балалар тіпті ауылдық жерлерде тұрса да мал бағып, егін егудің қыр-сырын білмейді. Салалық жоғарғы оқу орындарында да студенттер өте аз. Сондықтан біз жастарды мектеп жасынан салаға бейімдейтін жоба әзірледік. Жобаның жүзеге асырылуын әрбір мектепке, оқу орнына дайындап береміз. Тек ұсынысымыз қолдау тапса дейміз. Оған қоса өңірде гидропоника жақсы басталды. Бірақ әлі де болса оған ғылыми негіздеме керек,-деді Аюп Рәшидұлы.

Басқосу барысында «KazOnimExport» корпорациясының төрағасы Алмасбек Байшекеев те шаруаларды жаңа «Сенім» бағдарламасына қатысуға шақырды. Айтуынша, бағдарлама механизмінде асыраушы саладағы өзекті мәселелердің барлығы қамтылған. Корпорацияға келген әрбір шаруа айлықпен, қажетті мамандармен, құрал жабдықтармен, жем-шөппен қамтылмақ. Алты жылдан кейін мал шаруалардың өзінде қалады екен.

Аймақ басшысы аталған ұсыныс бойынша ауылшаруашылығы басқармасымен бірлесіп, зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Жиын соңында ғалымдардың ұтымды ұсыныстарын қолдайтынын жеткізген Ербол Қарашөкеев асыраушы салаға ғылыми жетістіктерді дер кезінде енгізудің маңыздылығын атап өтіп, жаңа жобалар мен айтылған мәселелерді саралауды орынбасары Қанатбек Мәдібекке тапсырды.

Тегтер: ауыл шаруашылық саласығалымдарЖамбыл облысы
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты