«Jambyl 109» қызметіне 2023 жылдың 1-ші қаңтарынан 29-шы қыркүйегіне дейін облыс тұрғындарынан 47 704 өтініш түскен. Оның: 43 784-і «Call-байланыc» орталығы арқылы, 1 902-сі «WhatsApp» чаты, 1 544—і «Instagram» желісі, 341-і «AIKEY» мобильді қосымшасы, 70–і «Facebook» әлеуметтік желісі, 63-і «Telegram» чат-боты арқылы қабылданды.
Өтініштердің 23 070-і оқиға, 568-і арыз, 103-і ұсыныс және 23 894—і кеңес, ал 69-ы алғыс білдіру түрінде түскен.
Түскен өтініштердің 42 572-і қанағаттандырылса, ал 921-і жұмыс барысында, оның ішінде 39-ы мерзімінен кешіктірілген. Бұдан бөлек, 211 өтініштің қажеттілікке байланысты орындалу мерзімі ұзартылған. Мекеме ережесіне сәйкес өтініштер адам өміріне қауіптілігі мен қажеттілігіне байланысты өзіндік шешімі мен мерзімдері бар. Мысалы, ашық құдықтар мәселесін жабуға 1 күн ғана беріледі. Бұдан бөлек, шағымдар мен ұсыныстарға 7 мен 15 күнге дейін мерзім қарастырылған.
Сондай-ақ, өтініштердің «Jambyl 109» қызметінің жүйесіндегі күрделілік деңгейіне байланысты автоматты түрде орындау мерзімі қойылады.
Сонымен қатар, «Jambyl 109» қызметі меморандумдық келісіміне сәйкес жауапты орындаушылар яғни, Ж.А.О мен Ж.М.К.О атқарылған жұмыс туралы дәлелді фото-бейне есептерді тіркейді және меморандум аясында міндеттеледі.
Сөз басында айтқан қажеттілікке байланысты мерзімі ұзартылған 211 өтініштің қандай мекемеге тиесілі екенін слайдтан көре аласыздар.
Мерзімі ұзартылған өтініштер: (211)
Мұнда аумақтық бөлініске келетін болсақ. Тараз қаласында — 176, Байзақ ауданында – 2, Жамбыл ауданында – 9, Жуалы ауданында – 2, Қордай ауданында – 1, Меркі ауданында – 1, Талас ауданында – 1, Т.Рысқұлов ауданында – 2, Шу ауданында — 17. Қала және аудандағы мекемелерге бөлініс слайдтан көріп тұрғандарыңыздай.
Сонымен қатар, мерзімінде орындалмаған өтініштер 39 өтініштің 37-сі Тараз қаласы аумағында болса, Сарысу ауданында 1 өтініш және Шу ауданында 1 өтініш.