Ербол Қарашөкеев қала аумағында орналасқан «Мамыр» саябағы жөндеуден өтеді. ТарӨУ-нің “Гидро” кешені жанынан жаңа саябақ салу жұмыстары да пысықталуда деп жазды әлеуметтік желі парақшасында.
Қайырлы күн, құрметті жерлестер!
Кешегі демалыс күнді пайдаланып отбасыммен бірге облыс орталығындағы данқты жерлесіміз Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағына бардық.Өздеріңізге белгілі қаламызда тынығуға арналған, жан-жақты жағдай жасалған бірнеше осындай саябақтар бар.Алайда, демалыс орындарын күтіп ұстауға, тазалығына, басқа да мәселелерге қатысты тұрғындар тарапынан көптеген шағымдар түсуде.Осыған байланысты қала басшылығына бірқатар мәселелерді реттеуге қатысты нақты тапсырмалар жүктедім.Алдағы уақытта қала аумағында орналасқан «Мамыр» саябағы жөндеуден өтеді. ТарӨУ-нің “Гидро” кешені жанынан жаңа саябақ салу жұмыстары да пысықталуда.Бұдан бөлек, қала аумағының шетінде тұратын тұрғындар үшін, шағын демалыс орындарын салу жоспаралануда.