• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Есірткіні заңсыз тасымалдамақ болған азаматқа сот үкімі шықты

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағындакөзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған Д.Е.-ге қатысты сот үкім жариялады

22.08.2023
0
Жамбылда жарты жыл ішінде 8350 азаматтық істің өндірісі сәтті аяқталған

Symbol of law and justice in the empty courtroom, law and justice concept.

138
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қылмыстық кодекстің (әрі қарай ҚК) 297-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағыяғни, аса ірі мөлшерде есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдаубойынша айыпталушы Д.Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен не анықталды:

Сотталушы Д.Е. 2023 жылғы 9 қаңтар, сағат 14:00 шамасында, Алматы қаласынан такси автокөлігімен, Шу қаласына келген. Осы жерден белгісіз ілеспе автокөлікпен Шу қаласынан оңтүстік бағытта 15 шақырым жерде орналасқан «Хим парк» кешені аумағына келіп, есірткі затын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтау ойы туындаған. Аталған қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында, сол жерде табиғи түрде өсіп тұрған есірткі заты болып табылатын жабайы кендір қурайдың жапырақтарын қолына қызыл түсті жұмыс қолғаптарын киіп оны жұлып жинап, өзімен бірге алып келген қызыл түсті полиэтилен пакетіне салып, сыртын скотч таспасымен орап, есірткі затын заңсыз иемденіп, сақтаған.

Ары қарай, Д.Е.өзінің қылмыстық ойын жалғастыра отырып, заңсыз иемденіп, сақтаған аса ірі мөлшердегі «кептірілген марихуана» есірткі заты салынып оралған ораманы қызыл түсті жүк сөмкесіне салып, сол күні кешкі мезгілде құмды алқаптан шығып, Алматы қаласына темір жол пойызы арқылы жетуді көздеп, Шу қаласының темір жол вокзалына келіп, есірткі затын заңсыз тасымалдаған.

2023 жылғы 10 қаңтар, сағат 01:37-де, Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен темір жол вокзалының көлік тұрағында Д.Е.ұсталып, соңғының жеке басына тінту жүргізу барысында, өзімен бірге болған қызыл түсті жүк сөмкесіне салынған, полиэтилен пакетінің ішінен, жалпы салмағы 12 480 грамм аса ірі мөлшердегі «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып алынған.

Тараптардың позициясы:

Прокурор сотталушы Д.Е.-ге 11 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сот отырысында сотталушы Д.Е.кінәсін ішінара мойындады.

Дәлелдемелер бойынша:

Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: тергеп-тексеру амалдары жүргізілу барысында толтырылған және басты сот талқылауында зерделенген процессуалдық құжаттармен, іс бойынша сұралған куәлердің жауаптары, сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің өзге де материалдарымен дәлелденді.

Сот шешімі:

Қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде, сот оның кінәсін ішінара мойындауын табады.

Қылмыстық жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жайлар сотпен анықталған жоқ.

Сот үкімімен ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің 3)-тармағы бойынша Д.Е.-ге орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Тегтер: есірткі тасымалықылмыстық іс

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты