• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
25.11.2026, 16:10
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстандағы ең төменгі жалақы жаңа әдіспен есептелмек

Еңбекмині ең төменгі жалақы көрсеткішінің мөлшерін анықтайтын әдістемені заңнамалық түрде бекіту жұмыстарын жүргізуде

turan_admin turan_admin
24.07.2023, 14:13
Қазақстан жаңалықтары
110 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
115
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Мүдделі мемлекеттік органдар Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) дайындаған ең төменгі жалақы мөлшерін айқындау әдістемесінің жобасын және Еңбек кодексіне түзетулерді заңнамалық бекіту үшін қажетті әдістемелерді келісті. Әдістемеге сәйкес ЕТЖ мөлшері медианалық жалақы мен еңбек өнімділігіне қарай айқындалатын болады.

Қазіргі уақытта ҚР Президентінің Әкімшілігіне Еңбек кодексіне енгізілген түзетулер келісу үшін жіберілді, мақұлданғаннан кейін заңнамаға тиісті өзгерістерді іске асыру басталады.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында динамикалық тәсілге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескеретін ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін  енгізуді тапсырды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында Еңбекмині Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесіп халықаралық тәжірибеге талдау жүргізді, ол ЕТЖ белгілеу бойынша неғұрлым кең таралған үш тәсілдің бар екендігін көрсетті:

— бірыңғай ұлттық ЕТЖ (Франция, Германия, Испания);

— өңірлер, салалар және кәсіпорындар бойынша ЕТЖ сараланған мөлшері; (Финляндия, Жапония, Бельгия);

— әр түрлі санаттағы қызметкерлерге арналған ЕТЖ (Ұлыбритания, Дания).

Бүгінгі таңда ЕТЖ Халықаралық еңбек ұйымына (бұдан әрі – ХЕҰ) мүше елдердің 90%-дан астамында бар, ол оның мөлшерінің барабарлығын бағалау үшін Кейц индексін (заңмен белгіленген ЕТЖ медианалық жалақыға қатынасы) пайдалануды ұсынады. ХЕҰ ұсыныстарына сәйкес Кейц индексі 50% деңгейінде болуы керек. Бұл ретте әлемнің дамыған елдерінде ол шамамен 55%-ды, ал дамушы елдерде шамамен 67%-ды құрайды.

Қазақстанда ЕТЖ ең төменгі әлеуметтік стандарттарға жатады және жыл сайын «Республикалық бюджет туралы» заңмен белгіленеді. Ең төменгі жалақы қосымша төлемдер мен жәрдемақыларды, өтемақы мен әлеуметтік төлемдерді, сыйлықақыларды және басқа ынталандырушы төлемдерді қамтымайды.

2008 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде ЕТЖ мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінде белгіленді және жыл сайын инфляция деңгейіне индекстелді. 2019 жылы ЕТЖ мөлшерін 1,5 есе – 28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін арттыру жүргізілді. Биыл ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген ЕТЖ-ны арттыру медианалық жалақының шамасын есепке алмай жүргізілді.

Халықаралық тәжірибені, сондай-ақ ел экономикасы құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, Еңбекмині Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесіп, медианалық жалақы мен еңбек өнімділігінің арақатынасын ескеретін ЕТЖ анықтау әдістемесінің (бұдан әрі – Әдістеме) жобасы әзірленді. Бұл жұмыскерлердің табыстары мен өндірілетін тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі арасында нақты өзара байланыс орнатуға, сондай-ақ ЕТЖ мөлшерін ХЕҰ ұсынымына жақындатуға мүмкіндік береді.

ЕТЖ мөлшерін анықтау үшін медианалық жалақы мен еңбек өнімділігін пайдалану жеткіліктілік пен төлем қабілеттілігі негізінде теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жеткіліктілік – бұл қызметкерлерді олардың еңбегі үшін әділ және барабар табыспен қамтамасыз ету. Төлем қабілеттілігі – бұл жұмыс берушілердің өз еңбек шығындарын кәсіпорынның қызметкерлерін жалдауы мен бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етпейтін деңгейде ұстап тұру мүмкіндігі.

ЕТЖ деңгейі ұсынылған тәсілге сәйкес айқындалатын болады және құрамына ҚР Үкіметінің, республикалық кәсіподақтар бірлестіктерінің, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және сараптамалық қоғамдастықтың өкілетті өкілдері кіретін әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның қарауына енгізіледі.

ЕХӘҚМ мен Дүниежүзілік банктің бірлескен жұмысының нәтижелері мүдделі мемлекеттік органдар мен әлеуметтік әріптестер өкілдерінің, сондай-ақ еңбекақы төлеу саласындағы сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстелдер шеңберінде ұсынылды және егжей-тегжейлі талқыланды және көпшілік қолдады.

Тегтер: әлеуметтік стандартең төменгі жалақыҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіХалықаралық еңбек ұйымы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39
12 жылға сотталған экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот шешімінің күші жойылды

12 жылға сотталған экс-әкім Кәрім Көкірекбаевты босату туралы сот шешімінің күші жойылды

23.11.2026, 17:15
Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

Сот тәуелсіздігі азаматтың құқығын қалай қорғайды

22.11.2026, 12:30
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 902 млн доллар бөлінді

16.11.2026, 11:55
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адилет Молдабеков Талас ауданын дамытуға бағытталған сайлауалды бағдарламасын таныстырды

25.11.2026, 01:27

«Заңды құрметтейсің – өзіңді құрметтейсің»: Қазақстанның 20 өңірін қамтыған жоба қорытындыланды

24.11.2026, 22:39

Таразда бүлдіршіндер театр музейімен танысты

24.11.2026, 19:47

Таразда оқушылар «Аман. Сенімдер сөнгенде» психологиялық драмасын тамашалады

24.11.2026, 19:41

Данияр Альпеисов Луговой ауылының инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстарын таныстырды

24.11.2026, 18:00

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.