• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 17:25
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді

turan_admin turan_admin
05.04.2023, 13:41
Қазақстан жаңалықтары
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді
146
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Президент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған төраға Асхат Жұмағалиды таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің бұрынғы төрағасы Олжас Бектеновке атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Агенттіктің жаңа басшылығы мен жеке құрамына алдағы кезеңге арналған бірқатар міндет жүктеді. Президенттің айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында  көрсетілген шараларды толық жүзеге асыру керек. Жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы, әсіресе, халқымыздың әл-ауқатына тікелей әсер ететін салалардағы жемқорлықты анықтау және оның жолын кесу жөніндегі қатаң тәсілді жалғастырған жөн. Президент жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою маңызды екеніне назар аударды. Оның айтуынша, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу керек.

Мемлекет басшысының айтуынша, тергеу жұмыстарының нәтижесінде Агенттік құны 108 миллиард теңге көлеміндегі шығынды қайтара алды.  Бұл – оң нәтиже. Бірақ, сонымен қатар, бұл өткен кезеңдерде жемқорлық қаншалықты белең алғанын көрсетеді.

– Жемқорлықтың барлық түрімен ымырасыз күрес – мемлекетіміздің одан әрі дамуының басымдығы. Парақорлық, тамыр-таныстық, қоңырау шалу арқылы мәселе шешу және тағы басқа келеңсіздіктер жылдар бойы азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сеніміне селкеу түсіргенін білесіздер. Осы орайда халықтың әділдікке деген үміті азая бастады.  Сондықтан менің сайлау алдында берген уәделерімнің бірі жемқорлықты түбірімен жойғанша ымырасыз күрес жүргізу болды. Бұл істе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шешуші рөл атқарады. 2019 жылы маусымда құрылған сәттен бері  аталған орган  көптеген жұмыс атқарды. Оны мойындау керек. Жемқорлыққа қарсы күрес шараларының жүйесі белсенді дами бастады. Атап айтқанда, жаңа құқықтық институттар, өзіне бағынышты қызметкерлердің жемқорлық қылмысы үшін саяси және мемлекеттік тұлғалардың қызметтен кетуі, адалдыққа тексеріс, нормативтік-құқықтық актілерге жемқорлыққа қарсы жүргізілетін сараптама және тағы да басқа бастамалар осы санатқа кіреді. Олардың алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дереккөз: t.me/aqorda_resmi

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.