• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
24.11.2026, 13:13
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбыл облысы әкімі құландықтарға пәтер кілттерін тапсырды

turan_admin turan_admin
31.03.2023, 16:30
Облыс жаңалықтары
Жамбыл облысы әкімі құландықтарға пәтер кілттерін тапсырды
108
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Нұржан Нұржігітов салтанатты шарада жаңа пәтерлердің кілттерін тапсырып, қоныс той иелерін қуанышымен құттықтады.

— «Баспана — бақыт кілті» демекші мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде облыста тұрғын үйлер салу бағытында көптеген жобалар жүзеге асырылуда.

Өткен жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 693,5 мың шаршы метрді құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға артты.

Яғни, 2022 жылы 68 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 28 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ал, ағымдағы жылы облыс бойынша 70 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 45 тұрғын үй  пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы шеңберінде 3,2 млрд. теңгеге 343 азаматқа және «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша 58 азаматқа 515 млн. теңге сомасына несие рәсімделді,-деді облыс әкімі өз құттықтау сөзінде.

Бұл күні баспаналы болғандардың қуанышында шек болмады. Олардың қатарында көпбалы отбасылар, мүгедектігі бар азамат, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да бар. Солардың бірі сегіз ұл-қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана  Дианара Юсупова. Ол мемлекеттік бағдарлама аясында үйлі болғанына, әсіресе балаларының көңілі шат-шадыман екенін жеткізді.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аудан орталығы Құлан ауылы «Арай» жаңа тұрғын үй алқабында алғашқы салынған 5 қабатты тұрғын үй пәтерлері кезекте тұрған азаматтарға берілді.

Тұрғын үйде 1 бөлмелі – 20 пәтер, 2 бөлмелі – 40 пәтер, 3 бөлмелі — 20 пәтер қарастырылған. Нысанның құрылыс жұмыстарын мердігер «Сырым Былеке» ЖШС жүргізген.

Тұрғын алқапта тағы бір 80 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталуға жақын.

Дереккөз: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоғыз баланың анасы Сұлукүл Дәлібаева сайлауалды бағдарламасында қандай мәселелерді көтерді?

24.11.2026, 11:42

Ерлан Орынбасар: білім беру, жастарды қолдау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру

24.11.2026, 10:22

Мереке Айнақұлов ауыл кітапханаларын жаңғырту және жастарды қолдау мәселелерін көтерді

24.11.2026, 10:09

Қайрат Байсариев: Мәдениет, ұлттық құндылықтар және қоғамдық бірлік

24.11.2026, 09:31

Тегін спорт алаңдары мен қоқысты уақтылы шығару Абдыкалыковтың бағдарламасына енді

24.11.2026, 09:29

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.