«AMANAT» партиясынан облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Қанат Еркебаев пен Нұрлан Бердиев Талас ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылының тұрғындарымен экспромт-кездесу өткізді. Еркін форматта өткен кездесуде партиялықтар алдағы жылдары ауыл шаруашылығы мен жергілікті жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту бағытына айрықша көңіл бөлінетінін жеткізді.
- Өздеріңізге мәлім, Жамбыл өңірі аграрлы-индустральды аймақ. Сол себепті, партияның тікелей ықпалымен алдағы уақытта асыраушы салаға ерекше көңіл бөлінетін болады. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнесті дамыту ісін мықтап қолға алмақпыз. Бүгінгі таңда өңірде 92,6 мыңнан астам шағын және орта бизнес субьектілері бар. Онда 133,3 мыңнан астам еңбек етеді. Қазір мұндағы шығарылатын өнім мен қызмет көлемі 311 миллиард теңгеден асады. Әйтсе де, бұған тоймейілсуге болмас. Сол себепті де, бұл саланың дамуы үшін қаржыландыру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінуде. Алдағы 5 жыл ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын ұлғайту көзделуде. Осылайша, олардың саны 2027 жылға қарай 97 мыңға жетеді. Ал бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 147 мың адамға дейін өседі, — деді Қ.Еркебаев.
Мұнан соң, сөз алған Нұрлан Бердиев аймақта алдағы жылдары «Ауыл Аманаты» жобасы аясында ауыл халқының табысын арттыру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілетініне тоқталды. «Биылдан бастап бұл жобаға 22 ауылдық округ енгізіліп, нәтижесінде 2,5 пайыз бойынша 11,5 млрд теңге көлемінде 3 мыңнан астам жоба қаржыландыру жоспарлануда. «AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарына пилоттық жоба шеңберінде шағын несие алуға көмектесумен қатара ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылығы кооперативтік кәсіпкерлігіне тартуға атсалысады», — деді ол.
Кездесуде тұрғындар ауыл шаруашалығын қолдау шараларына қызығушылық танытып, өз пікірлерін ортаға салды. Өз кезегінде қос кандидат алдағы саяси науқанда «AMANAT»-ты қолдауға шақырды.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT»
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді