• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Президент Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі Вилле Скиннариді қабылдады

24.02.2023
0
Президент Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі Вилле Скиннариді қабылдады
93
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық дамуды қолдау министрі, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-фин үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Вилле Скиннариді қабылдады.

Мемлекет басшысы министрге ілтипат білдіре отырып, фин делегациясының  сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жылда Финляндия Солтүстік Еуропа мемлекеттері арасында экономикамызға ең көп инвестиция құйған екінші елге айналды. Сонымен қатар Финляндияның Орталық Азия елдерімен сауда айналымының 90 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттің сауда-экономикалық, көлік-логистика және білім беру салаларындағы серіктестігін нығайту маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы фин кәсіпкерлерінің Қазақстанға құятын инвестициясын ұлғайта түсу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде Вилле Скиннари құрметпен қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып,  екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге әлеует мол екенін мәлімдеді.

Министр Қазақстанға сапармен келген делегация құрамында Nurminen Logistics Plc, Nokia, EastCham Finland, Business Finland, Lamor, Wärtsilä Finland, PayIQ, EPSE секілді 15 ірі фин компаниясының өкілдері бар екенін жеткізді. Алдағы кездесулер барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланады.

Бұдан бөлек, фин тарапы Астанадағы Финляндия елшілігі жанынан Орталық Азия елдерінің азаматтарына қызмет көрсететін виза хабын ашады.

Әңгімелесу барысында халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёге ізгі тілегін жолдап,  Қазақстанға ресми сапармен келуге  шақырды.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

10.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский