Көрмеге 29 қолөнер шеберінің ағаш, тері және киізден жасаған бұйымдары, қыш ыдыстар, панно, ұлттық музыкалық аспаптар, ұлттық киім үлгілері, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар қойылған.
▪️ Мемлекет басшысына көрсетілген «Киіз үй» инсталляциясында жастарға тоқыма, киіз басу, құрақ құрау, ұршық иіру, сырмақ сыру және басқа да өнер түрлері бойынша шеберлік сабағы өткізілді.
▪️ Көрмеде көшпенділердің заманауи әлемдік үлгіде жаңғыртылып, нео-фольклор стилінде тігілген көпғасырлық дәстүрлі киімдері және дала гүлдері мен шөптерінің хош иістерінен жасалған иіссулар көрсетілді.
Жуырда Тараз Дүниежүзілік қолөнершілер қалалары тізіміне енгені туралы сертификат алды.
Дереккөз: t.me/aqorda_resmi