Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес, мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi, Бизнес-сәйкестендіру нөмiрi беріле отырып, оларға мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруді, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына сәйкес, коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті Әділет министрлігі және аумақтық әділет органдары және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлғалар осы Қағидалардың қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішті және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі-стандарт) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық хабарлама беру арқылы жүзеге асырылады, оны құрылтайшы (құрылтайшылар) порталда толтырады.
Электрондық тіркеу жағдайында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу портал арқылы «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік Деректер қорына түсетін хабарлама негізінде жүзеге асырылады.
Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинетіне» электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі жіберіледі.
«Заңды тұлғаларды мемлееттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына сәйкес, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін), филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркелуін (қайта тіркелуін) растайтын құжат ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бекітілген нысан бойынша тіркеуші органмен ұсынылатын анықтама болып табылады.
Дереккөз-Жамбыл облысының Әділет департаменті
Д.Д. Султанбеков