Туу туралы куәлікті рәсімдеу
Баланың дүниеге келуі — әр отбасының өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі. Ата-аналар тууды тіркеу туралы өтінішті баланың туған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беру қажет.
👶Жыл басынан бері туу туралы куәлікті рәсімдеу үшін Жамбыл облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарына 13 мыңға жуық ата-ана жүгінген.
📈Солтүстік Қазақстан облысымен салыстырғанда Жамбыл облысында бала туу көрсеткіші 8 есеге өскен. Осы жылы СҚО-да 1,5 мыңға жуық сәбилерге туу туралы куәлік берілген.
Алдын ала кезекті брондау алғышарттары
‼️Құрметті клиенттер!
🙌ХҚО-ға баруды алдын ала жоспарлаңыз. Біз сіздер үшін кезекші ХҚО жұмыс кестесін дайындадық. Айта кетейік, Шымкентте кезекші ХҚО-ның мекен-жайы өзгерді. Ол қазір Мәделі Қожа көшесі, 1/16 орналасқан.
💡Естеріңізге сала кетейік, кезекші ХҚО жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекті @Kenes1414Bot Telegram-боты, «Мобильдік ХҚО» қосымшасы, eGov mobile және eGov.kz портал арқылы брондауға болады.
Тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркелу мәселесі
📝Әрбір қазақстандық «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес тұрғылықты жері бойынша тіркелуі тиіс.
🔗Тұрғылықты жері бойынша тіркелу тұрақты және уақытша болуы мүмкін. 1414 колл-орталыққа тіркеуге қатысты сұрақтар жиі түседі. Енді мұны үйден шықпай-ақ оңай жасауға болады. Интернет, ноутбук немесе смартфон арқылы сіз өзіңізді, балаңызды, туыстарыңызды тіркей аласыз.
✅Сіз тіпті басқа қалада болған кезде қызметке онлайн тапсырыс бере аласыз. Өтінішті толтырып, қала мен мекен-жайды көрсету қажет. Жүйе растау үшін өтінішті пәтер иесінің жеке кабинетіне автоматты түрде жібереді.
⚡️Тұрғылықты жері бойынша тіркелу тақырыбы бойынша ең көп қойылған сұрақтар мен оларға жауаптарды суретті жылжытып оқыңыз.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы Елемес Шалхар Дарханулы