• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесті

16.11.2022
0
Мемлекет басшысы Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесті
70
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Президент Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен кездесуінде олардың сөзін зейін қойып тыңдағанын  атап өтіп, ұсынылған барлық маңызды ғылыми жобалар мен технологиялық стартаптардың ел үшін мәні зор екенін айтты.

Мемлекет басшысы Алматы еліміздің ғылым мен білім ордаларының бірі  екенін  атап өтті.

– Әйгілі Қаныш Сәтбаев осы қалада Ғылым академиясының негізін қалаған. Көптеген ғалымдарымыз Академия қабырғасында қазақ ғылымын дамытуға орасан зор үлес қосты. Аға буынның абыройлы жолы лайықты жалғасын табуға тиіс, – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазір әлемдегі ең қымбат әрі капиталы мол компаниялар финтех, жасанды интеллект, IT және басқа да озық технологияға негізделген өнім шығаратынына, қызмет көрсететініне тоқталды.

– Олар әлемнің үздік инженерлерін өз елдеріне шақырып жатыр. Себеп – біреу, ғылым алып индустрияға айналды. Бұл сала бүкіл экономиканы жаңа деңгейге көтеретін сектор ретінде қалыптасып келеді. Біз осы әлемдік үрдістен шет қалмауымыз керек. Еліміз талай жыл бойы негізінен мұнайға арқа сүйеп келді. Бірақ қазір – заман басқа. Табиғи байлықтың емес, адам капиталының маңызы артқан дәуірге қадам бастық, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, Қазақстанда жоғары санатты техникалық кадр тапшылығы сезіледі.

– Бүгінде көп нәрсе өзгерді. Үздік техникалық сала мамандарына сұраныс жоғары. Инженер болу мәртебелі әрі экономикалық тұрғыдан тиімді мамандыққа айналды. Соңғы жылдары жастардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығы артып келе жатқаны байқалады. Қазір еліміздегі 610 мың студенттің 112 мыңы техникалық мамандықтар бойынша білім алып жатыр. Қазақстанда экономиканың жаңа салалары жедел дамып келеді. Мысалы, тек отандық IT секторда алдағы жылдары 150 мың жаңа жұмыс орны пайда болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жеріміздің түрлі ресурсқа бай екенін, Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесіндегі бүкіл элемент кездесетінін айтты.

– Бұдан былай Қазақстанның бүкіл табиғи байлығы олигархтар мен олардың мүддесін қорғайтын плутократ-шенеуніктерге емес, бүкіл халыққа тиесілі болады. Бұл маңызды ережені Конституция деңгейінде бекіттік. Алайда еліміздің ең басты байлығы  – адам. Сондықтан  мемлекеттің ең басты міндеті –  олардың өз қарым-қабілетін іске асыруына барлық қажетті жағдайды жасау, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы әрі қолжетімді білім беру ісін дамыту мәселесіне назар аударды. Оның айтуынша, еліміз соңғы жылдары бұл бағытта едәуір ілгеріледі.

– Білім беру ісі талапқа сай келмеген бірқатар жоғары оқу орны мен колледж жабылды. Бұл жұмыс жалғасын табуға тиіс. Осы бағытта ешкімге жеңілдік жасалмайды. Өйткені елімізге диплом тарататын мекемелер емес, бәсекеге қабілетті оқу орындары керек. Қоғамымызда диплом емес, білім культке айналуға тиіс, – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыруға және отандық жоғары оқу орындарына озық халықаралық тәжірибені енгізуге басымдық берілетінін айтты.

– Менің тапсырмам бойынша шетелдік жетекші университеттермен академиялық ынтымақтастық нығайып келеді. Еліміздің түрлі қаласындағы отандық жоғары оқу орындары базасында ресейлік бірнеше ірі университеттің филиалдары ашылды. Ал Петропавл қаласындағы Kozybayev University оқу орнында 175 студент Аризона  университетінің бағдарламасымен білім ала бастады. Жуырда Қазақстанда Ұлыбритания, Германия, Канада, Нидерланд, Оңтүстік Корея және АҚШ жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Әлемдік білім беру жүйесіне қосылу жоғары оқу орындарымыздың бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп, қазақстандық жоғары білімге деген қызығушылықты арттырады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы студенттермен қатар еліміздің білім беру жүйесінде педагог та басты тұлғаға айналуға тиіс екенін жеткізді. Сондай-ақ бұл мәртебелі мамандық иесінің беделін арттырудың ерекше маңызы бар екенін айтты.

– Үкімет 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап оқытушылардың, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарындағы ғалымдардың еңбекақысын ұлғайту механизмдерін пысықтауы керек. Біз барлық азаматқа бірдей мүмкіндік беретін қоғам құрып жатырмыз. Сондықтан мемлекет сапалы жоғары білімге қолжетімділікті арттыру үшін нақты шаралар қабылдайды, – деді Президент.

Мемлекет басшысы өз сөзінде инженерлік-техникалық салаға мән бере отырып, еліміздің жоғары оқу орындарына білім беру гранттарын бөлудің маңызы зор екеніне тоқталды.

Сонымен қатар Президент студенттерді оқыту және жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне лайықты көңіл бөлуге шақырды.

– Бүгінде Алматыдағы 37 мың студентке жатақхана жетіспейді. Құрылыс қарқыны қазіргідей бәсең болса, біз бұл мәселені шеше алмаймыз. Оның үстіне, халық саны, студенттердің саны жыл өткен сайын артып келеді. Үкімет келесі жылы 1 сәуірге дейін жатақхана тапшылығын жою үшін тың тәсілдер әзірлеуге тиіс. Ең алдымен, Алматыдағы ахуалды ретке келтіру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ғылымның ашық үлгісін енгізу ең тиімді тәсіл екенін атап өтті. Сондай-ақ бұл университеттерге жеке сектормен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді деп санайды.

– Менің тапсырмаммен Үкімет салық жеңілдіктерін жасау арқылы бизнесті бұл іске жұмылдыру тәсілдерін әзірлеп жатыр. Бизнесті ғылыми-зерттеу жобаларына қаржы салуға ынталандыру өте маңызды. Жер қойнауын игеретін компанияларға зерттеу жұмыстарына қаржы бөлуді міндеттеу керек. Ол үшін заңдарды жетілдіріп, тиісті өзгертулер енгізу қажет, –  деді  Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, ғылымды дамытудың мұндай стратегиясын жүзеге асырудың тағы бір жолы – эндаумент-қорлар.

– Мен Сәтбаев университетінің жанынан жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабын құру туралы тапсырма бердім. Оның инфрақұрылымын техникалық оқу орындарының бәрі пайдалануына болады. Үкімет ғылыми-зерттеу хабтарын қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруы қажет. Хабтарды мемлекеттің инвестициялық жобаларының санатына қосу арқылы бұл мәселені шешуге болады, –  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы сапалы білім алу адамды қоғамдық ортаға бейімдейтін, оның бойына ізгі құндылықтар мен мінез-құлық нормаларын сіңіретін маңызды институт екенін айтты.

– Біздің студенттеріміз бен жас ғалымдарымыз реформаларға қолдау білдіріп, өзгерістерге сенетіні сөзсіз. Біз бұл өзгерістердің бәрін еліміздің келешегі– бүгінгі және ертеңгі жастар үшін жасап отырмыз. Біз мемлекет пен қоғам дамуының жаңа бағыт-бағдарын тек бірге айқындай аламыз, –деді Президент.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

Қазақстанда репродуктивті денсаулық апталығы басталды

12.05.2025
Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

Қазақстанда жетім балаларға арналған тәлімгерлер үшін міндетті сертификаттау енгізілді

12.05.2025
Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

Су ресурстары бірінші вице-министрі қызметінен кетті

12.05.2025
БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

БАӘ мен Қазақстан мен қандай құжаттарға қол қойды?

12.05.2025
Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

Қазақстанда ЖІӨ өсімі 6 пайызға дейін жетті

12.05.2025
Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазақстанда 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

12.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты