• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
24.11.2026, 14:06
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Дулати университетінің жас ғалымдары 100 млн.-ға жуық грант жеңіп алды

turan_admin turan_admin
27.10.2022, 12:43
Облыс жаңалықтары
Дулати университетінің жас ғалымдары 100 млн.-ға жуық грант жеңіп алды
146
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым-постдокторанттардың іргелі және қолданбалы зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 5 бірдей жас ғалымы жеңіске жетті.

Жас зерттеушілерге ғылыми зерттеулер жүргізіп, экономиканың әр саласын дамытуға септігі тиетін тың жобаларын қолданысқа енгізуге мүмкіндік беретін конкурста Дулати университетінің ғалымдары әрқайсысы 19 миллион теңгеден грант ұтып алды.

Соның бірі – «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» ғылыми зертханасының қызметкері, магистр Ерлан Атенов. Конкурста жас ғалымның «Топырақ және құрылыс материалдарын қосу арқылы діңгегі кеңейтілген қадаларды орнатудың тиімді технологиясын әзірлеу» жобасы үздік деп танылды. 

Сондай-ақ «Техникалық физика» кафедрасының аға оқытушысы Толқын Қасенова да қаржыландыру сомасы 19 миллион теңгені құрайтын жобаның жеңімпазы атанғанын айта кету керек. Жамбылдық жас ғалымның ұсынған жобасын  шетелдік сарапшылар жоғары бағалаған.

Ал «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Механика және машина жасау» кафедрасының аға оқытушысы Роллан Нүсіпәлидің жетістікке жеткізген жобасы «Желдің бағыты тұрақты аймақтарға арналған жел энергетикалық қондырғысының жетілдірілген конструкциясын әзірлеуге» бағытталған.

Жас ғалым Нұржан Шаншабаев құрылыстағы қадалы іргетастың тиімді формасын ойлап тауып, үш жыл бойы осы жобаны егжей-тегжейлі зерттеген. Үнемі ізденісте жүретін оның конкурсқа ұсынған жобасы да үздік деп танылып отыр.

«Химия және химиялық технология» факультетінің аға оқытушы, химия магистрі Рабиға Құдайбергенованың да ұсынған жобасы гранттық қаржыландыру конкурсында ғалымдардың қызығушылығын туғызғанын айта кеткен жөн. Сарапшылар тарапынан жоғары бағаланған еңбек 19 миллион теңгеге қаржыландырылып отыр. 

Әріптестерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!


Дереккөз-Дулати университетінің
медиа-қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоғыз баланың анасы Сұлукүл Дәлібаева сайлауалды бағдарламасында қандай мәселелерді көтерді?

24.11.2026, 11:42

Ерлан Орынбасар: білім беру, жастарды қолдау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру

24.11.2026, 10:22

Мереке Айнақұлов ауыл кітапханаларын жаңғырту және жастарды қолдау мәселелерін көтерді

24.11.2026, 10:09

Қайрат Байсариев: Мәдениет, ұлттық құндылықтар және қоғамдық бірлік

24.11.2026, 09:31

Тегін спорт алаңдары мен қоқысты уақтылы шығару Абдыкалыковтың бағдарламасына енді

24.11.2026, 09:29

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.