Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қала прокуратурасының қызметі барлық саладағы, соның ішінде әкімшілік өндірістегі бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған.
Ағымдағы жылы біз мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерге әкімшілік жаза қолдануының заңдылығын тексердік.
Біздің актілер бойынша 200-ден астам заңсыз салынған әкімшілік жазалардың күші жойылды.
Тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік органдардың 15 лауазымды тұлғалары, оның ішінде 4 басшы тартылды.
Мысалы, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру саласындағы бұзушылықтар үшін 100-ден астам кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тарту фактілері анықталды, ескертудің орнына 97 бизнес субъектісі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін заңсыз ақшалай өндіріп алуға ұшырады және т.б.
Прокурорлық қадағалау шараларымен кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды, мемлекеттік органдардың заңсыз практикасы тоқтатылды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және тұрақты бақылауда.
Астана қаласы
прокурорының орынбасары
Б. Мизанбаев