🔹 2021 жылы Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, атап айтқанда 2 салықтың түрі (мүлік салығы және жер салығы) бірыңғай 1 салық түрі болып, «мүлік салығы» деп аталатын болды. Яғни, енді мүлік салығы біртұтас бюджеттік сыныптама 104102 коды бойынша есептеледі және төленеді.
🔴 Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Байланыс-орталығы» басқармасының басшысы Өмірзақ Қоспанов айтты. Оның мәліметінше, ел аумағындағы меншік құқығы бар тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, орынтұрақтар және өзге де құрылыстар; жеке тұлғаларға тиесілі жер учаскелері мүлік салығын салу объектісі болып саналады.
❗️ «Салық кодексіне енгізілген өзгерістердің ерекшілігі — мүлік салығын төлеу мерзімі өзгерді. Атап айтқанда, егер бұрын мүлік салығы жыл сайын төленсе, енді мүлік салығының сомасы есепті жылдан кейінгі келесі жылы төленеді. Осыған орай, біз 2022 жылы өткен 2021 жылдың мүлік салығын төлейміз. Ағымдағы жылы шілде айында барлық салық төлеушілерге Kaspi Bank мобильді қосымшалары арқылы төлемдер туралы push-хабарламалар жіберілді. Салық төлеу мерзімі — жыл сайын келесі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмейді. Көрсетілген мерзімде салық төленбеген жағдайда, өсімпұл өндіріліп, одан кейін мәжбүрлеу шаралары қолданылатынын (хабарламалар, салық өкімдері, ЖСО – материалдарды беру) ескертеміз», — деді спикер.
©️©️©️
✅ Өмірзақ Сайлауұлы осыған байланысты, барлық салық төлеушілерден 2021 жылғы мүлік салығын 2022 жылдың 1 қазанына дейін төлеуді сұрады.