• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан мен Сингапур технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

17.08.2022
0
Қазақстан мен Сингапур технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
131
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтархан Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация екі күндік сапар аясында Сингапурдың ірі компанияларының басшыларымен бірқатар жемісті кездесулер өткізді.

Делегация құрамында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев,

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Төрағасы Мейіржан Юсупов болды.

Келіссөздер барысында елдеріміз арасындағы экономикалық ынтымақтастықты ілгерілетуге, сондай-ақ әлеуетті жобаларды іске асыруға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Сингапурлық компаниялар қазақстандық нарыққа және Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне үлкен қызығушылық танытты.

Қала мен қалалық инфрақұрылымды кешенді дамытуға маманданған «Surbana Jurong» мемлекеттік инжинирингтік компаниясының басшылығымен Алматы қаласының солтүстік шекарасында серіктес қалаларды салу және дамыту жөніндегі «G4 City» бірегей инфрақұрылымдық жобасы талқыланды. Оны іске асыру бойынша сингапурлық компания отандық «Caspian Group»-пен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Бүгін «Surbana Jurong» 30-дан астам елде амбициялы жобалардың мастер-жоспарларын әзірледі және бүкіл әлем бойынша 100-ден астам өнеркәсіптік парктер құрды. «G4 City» жобасы Сингапурдан ғана емес, өңірдің басқа мемлекеттерінен де ауқымды инвестициялар мен инновациялық технологиялық шешімдерді тартуға арналған.

Жаһандық жеткізілімдер мен өніммен қамтамасыз етудегі тұрақты іркілістерді қоса алғанда, пандемияның әлемдік экономикаға зардаптары тараптардың жаңа экономикалық мүмкіндіктерді, өткізу нарықтарын және экспорттық бағыттарды іздеуін ескере отырып, Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық ынтымақтастық үшін жаңа перспективалар ашқанын атап өткен жөн.

Осы тұрғыда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ көлік тасымалдары саласындағы ірі жаһандық операторлардың бірі болып  «PSA» (Port of Singapore Authority) компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстандағы көлік-логистикалық тораптарды басқаруға «PSA International»-ды тарту құрлықтың екі жағы бойынша теңіз порттарының тұтас желісіне қолжетімділікті кеңейтуге, мультимодальдық тасымалдауды пайдалана отырып, жаһандық көлік-логистикалық тізбекке интеграциялауға және құрғақ порттарды басқару саласындағы инновациялық технологиялар мен үздік әлемдік практикаларды енгізуге ықпал етуге, ең бастысы ҚР өнімінің экспортын әлемдік нарыққа шығаруға айтарлықтай жеңілдетуге бағытталған.

Цифрландыру, ақылды қалалар құру, түрлі мемлекеттік процестерге инновациялар енгізу, сондай-ақ Үкіметтің цифрлық трансформациясы мәселелері Премьер-Министрдің офисі жанындағы Сингапурдың «Government Technology Agency of Singapore» технологиялық агенттігінің және «Crimson Logic» компаниясының басшылығымен кездесулер барысында талқыланған негізгі тақырыптар болды.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Тәуелсіздік алғалы бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Тәуелсіздік алғалы бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025
Облыс жолдарына 12 жаңа антенна-діңгек орнатылады

Облыс жолдарына 12 жаңа антенна-діңгек орнатылады

15.05.2025
Байзақта «Қоғамдық байланыс» акциясы ұйымдастырылды

Байзақта «Қоғамдық байланыс» акциясы ұйымдастырылды

15.05.2025
Жамбылдық диқандарға былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

Жамбылдық диқандарға былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді

15.05.2025
Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

Отбасы – тәрбиенің алтын діңгегі

15.05.2025
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай тағылымды кездесу өтті

15.05.2025
ТЖД Алматылықтарға ескерту жасады

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

15.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский