Жастарды бос уақытында еңбекке баулу мақсатында «Жасыл ел» еңбек жасағын іске асыруға жергілікті бюджет есебінен бөлінген 84,5 млн. теңге қаржыға 2 056 жасты (қала — 1056, аудандар — 1000) тарту көзделіп.. Бүгінгі күнге 1 мыңға жуық жас тартылған. Бұл туралы Turaninfo.kz ақпарттық агенттігі хабарлайды.
Жұмыстан бөлек жастардың демалысын тиімді өткізу мақсатында сарбаздар арасында спорттық ойындардан жарыстар, өнер байқаулары сияқты іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жыл басынан бері қала және аудандарда жастар ресурстық орталықтарының бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 11 бағыт бойынша 4 814 іс-шара (қала — 431, аудандар — 4383) өткізіліп, оларға 118 977 жас қамтылған.
«Рухани-адамгершілік» бағыт 15528 адамды қамтыған 739 іс-шара, «Әскери-патриоттық» бағыт 8353 адамды қамтыған 375 іс-шара, «Спорттық» бағыт 14581 адамды қамтыған 448 іс-шара, «Мәдени-шығармашылық» бағыт 21490 адамды қамтыған 658 іс-шара, «Құқықтық» бағыт 12052 адамды қамтыған 507 іс-шара, «Дін» бағыты 8022 адамды қамтыған 334 іс-шара, «Психологиялық-танымдық» бағыт 10024 адамды қамтыған 463 іс-шара, «Жастарға кеңес беру» бағыты 13905 адамды қамтыған 548 іс-шара, «Экологиялық мәдениет» бағыт 6383 адамды қамтыған 338 іс-шара, «Этносаралық келісім» бағыты 3103 адамды қамтыған 138 іс-шара, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бағыты 5536 адамды қамтыған 266 іс-шара.
Жастар арасында волонтерлік жұмысты жандандыру мақсатында облыс бойынша 10 бағытты қамтыған 796 іс-шара өткізіліп, оған 10 387 жас тартылған.
«Asyl mura» бағыты 735 адамды қамтыған 52 іс-шара, «Bilim» бағыты 881 адамды қамтыған 68 іс-шара, «Qamqor» бағыты 766 адамды қамтыған 88 іс-шара, «Saylyq» бағыты 1377 адамды қамтыған 100 іс-шара, «Sabaqtastyq» бағыты 300 адамды қамтыған 21 іс-шара, «Taza Alem» бағыты 1412 адамды қамтыған 108 іс-шара, «Umit» бағыты 1042 адамды қамтыған 81 іс-шара, «Медиа-волонтерлік» бағыты 118 адамды қамтыған 17 іс-шара, «Мәдениет саласындағы волонтерлік» бағыты бойынша 1545 адамды қамтыған 58 іс-шара, «Өзге де әлеуметтік волонтерлік» бағыты бойынша 2211 адамды қамтыған 203 іс-шара өткізілген.
Жатқанбай Әділет