Деңсаулық сақтау мамандары фаст-фудттың зияндылығы туралы ескертеді. Бұл туралы Turaninfo.kz ақпараттық агенттігі тілшісі хабарлайды
Фаст-фуд әртүрлі жастағы топтар арасында тез танымал болды. Фаст-фудты қолдана отырып, адамдар оның өзіне қандай қауіп төндіретінін білмейді. Ата – аналар кішкентай балаларға түрлі гамбургерлер мен фри картобын сатып әпере отырып, одан бірқатар проблемаларға тап болатынын өздері де білмейді. Оны көп жейтіндер тәуелділікке ұшырайтынын да өздері сезбей қалады.
Фастфудтың ағза үшін түк пайдасы жоқ. Оның денсаулыққа зияндылығы соншалықты, ондағы майлармен қаныққан тағамдар жоғары калориялы болғандықтан, семіздіктен басқа да бірқатар ауруларға әкеледі.
Балалар, үлкендерге қарағанда, одан пайда болатын аурулардан жиі зардап шегеді.Бірінші кезекте, фаст-фуд — салмаққа әсер етеді. Ол адамға тойымсыздықты және артық килограммды ғана береді. Егер сіз күн сайын фаст-фудпен тамақтансаңыз, айына кемінде бес килограмм артық салмақ жинай аласыз. аласыз. Фаст-фуд денсаулыққа зиянды және мұны артық салмақпен ауыратын мыңдаған американдықтар растайды.
Фаст-фуд құрамына өнімнің дәмдік сапасына жауап беретін көптеген тағамдық қоспалар кіреді. Олардың көпшілігі ағзаға теріс әсер етеді.
Фаст-фудты дайындау кезінде түрлі майлар әрдайым қолданылады. Термиялық өңдеуден кейін ол қатерлі ісік ауруын тудыратын канцерогенді элементтердің көп мөлшерін шығарады.
Фаст-фудтың барлық тағамдары өте жоғары, калориялы және оның құрамында май мен қант көп, оларда дәрумендер мен минералдар жоқ, сондықтан олар денеге ешқандай пайда әкелмейді. Фаст-фудта жануарлардың майлары өте көп,олар салмақ көтеруге ғана емес, сонымен қатар жүрекке теріс әсер етеді. Жануарлардың майлары бауырға үлкен жүктеме береді.
Егер, сіз сэндвич, картоп және салатты қамтитын стандартты түскі асты қарастыратын болсаңыз,онда оның жалпы калория мөлшері 1500 калориядан асады. Ал белсенді өмір салтын жүргізбейтін адамдар үшін күнделікті калория мөлшері асып кетеді. Фастфудтың құрамында ең арзан және қауіпті майлар-маргариндер бар, олардың артық мөлшері онкологиялық ауруларды тудырады- дейді мамандар.
Онда қанықтыру сезіміне жауап беретін талшық жоқ,бірақ көмірсулар мен майларға бай. Фаст-фудты тұтыну арқылы адам аштық сезімін толығымен қанағаттандыра алмайды. Өте қысқа уақыттан кейін аштық сезімі қайта пайда болады, нәтижесінде ол артық тамақтануға әкеледі. Фаст-фудта дене жасушаларының негізі болып табылатын ақуыздар жоқ.
Фастфуд — адам ағзасына зиян келтіреді, барлық органдар мен жүйелерге әсер етеді: артық салмақ пен семіздік, холестериннің жоғарылауы (атеросклероз, өт тастар), қандағы қанттың жоғарылауы, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, ас қорыту жүйесінің аурулары (гастрит, асқазан жарасы, бауыр және ұйқы безі аурулары), кариес.
Фаст-фудты талшықтар мен дәрумендерге бай жемістермен немесе көкөністерменалмастыру әлдеқайда жақсы. Бір алманың өзі жақсы антиоксиданттар болып табылатын С және Е дәрумендерінің жетіспеушілігін толтыратын керемет тағам ретінде қызмет ете алады. Сондай-ақ, жаңғақтар да денені ақуыздармен байытады. Ауырмайық! Ауырғаннан — ауырмаудың алдын алайық!
Жатқанбай Әділет