• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 07:05
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Жамбылда есірткімен қалай жүргізілуде?

turan_admin turan_admin
18.07.2022, 09:49
Абырой
Жамбыл облысында  «Борышкер» іс-шарасының алғашқы күнінде  мемлекет пайдасына 5 млн теңге кіріс түскен
260
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бүгінгі таңда бүкіл әлемдік мәселенің бірі – есірткі қылмысымен күрес болып табылады.

Есептік кезеңде облыс аумағында 286 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді (2021ж. — 324), оның ішінде 106 қылмыс және 180 қылмыстық теріс қылық 

Полиция департаментінің жеке құрамы «қаңтар оқиғасы» кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ұрланған атыс қаруларын іздеу жұмыстарына жіберілгеніне қарамастан, заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам (2021ж.–324кг) есірткі заттары тәркіленді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 682 келіге жоғары, оның ішінде 

— 956 килограмм – «марихуана» (2021ж. –244кг);

— 46 килограмм – «гашиш» (2021ж. –78кг);

— және 4 жарым килограмнан астам синтетикалық есірткі заттары (2021ж.–17гр). Осы орайда, Ресей Федерациясынан Тараз қаласына тасымалданған синтетикалық есірткі арнасының жолы кесіліп, күдіктінің үйінен есірткі лабораториясы анықталды.

Жоғарыда аталған тәркіленген есірткі заттарының құны орта есеппен «қара нарықта» 208 миллион теңгені құрайды 

Одан өзге, 137 тоннадан астам әртүрлі прекурсорлар тәркіленді 

Аудандарда жабайы қарасораны жоюға бағытталған                      іс-шаралар жүргізілуде.

Қазіргі таңда Шу, Меркі, Т. Рысқұлов және Байзақ аудандарында 125 гектар жердегі 31 тоннадан астам сора өсімдігі жойылды.

Мысалы, Шу ауданында жергілікті атқарушы органдардың, прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің және орман шаруашылығының қатысуымен 100 гектардан астам жерді шабу мен өртеу арқылы 20 тоннадан астам жабайы сора жойылды 

Анықтама ретінде: Шу ауданы бойынша- 20 т. 250 кг, Меркі ауданы бойынша- 2 т. 600кг, Байзақ ауданы бойынша — 1 т. 600кг, Т.Рысқұлов ауданы бойынша-7 т. 230кг

Сондай-ақ, профилактикалық жұмысқа аса маңызды көңіл бөлінуде.

Осыған орай, жыл басынан бері Білім беру және денсаулық сақтау басқармасы, туризм және спорт мекемелерімен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп орта және жоғары оқу орындарының оқушылары арасында түрлі форматтағы 345 іс-шара өткізілді және есірткіге қарсы тақырыпта бейнероликтер шығарылды. 

25-ші мамыр мен 26-шы маусым аралығында Премьер министрдің орынбасары Е.Тоғжановтың қатысуымен облыс аумағында есірткі қылмысына қарсы тұру бойынша республикалық айлығы өтті. Айлық барысында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ауқымды шаралар жасалды.

Жастарды нашақорлыққа қарсы күреске шақыру мақсатында Олимпиада чемпионы дзюдошы Елдос Сметов те осы айлыққа қатысты. Сонымен бірге, волонтерлар, жастар ресурсы, жұмыспен қамту орталығы өкілдерінің қатысуымен орта мектеп оқушылары, колледж студенттері, жоғары оқу орындарының және пробациялық орталық есебінде тұрған тұлғалар арасында 31 түрлі іс-шаралар өткізілді (акциялар-7, кездесулер-8, дәрістер-2, спорттық іс-шаралар-4, байқаулар-3, семинарлар-1, тик-ток-2, дөңгелек үстелдер-1, кинотеатр-1, экскурсия-1, бейнеролик-1).

Нашақорлықпен күрес күніне орай, Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта қала тұрғындарының қатысуымен «Нашақорлықсыз болашақ!» атты ауқымды акция өткізілді 

  Барлық атқарылған іс-шаралар облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды 

Сондай-ақ, ғимараттардың қабырғаларында жазылған 45 граффити жазбалары «Жасыл ел — Тараз» қызметкерлерімен бірлесіп жойылды 

Тараз қаласындағы көңіл көтеру орындарында 35 және оқу орындарында 12 рейдтік іс-шаралар өткізіліп, 42 әкімшілік хаттама толтырылды 

Есірткімен күресті күшейту мақсатында 1 маусымнан бастап 31 қазанға дейін республика аумағында кең ауқымды «Қарасора» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Республикалық «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде есірткі заттарының «солтүстік бағыты» бойынша транзитіне тосқауыл қою мақсатында ведомство-аралық жоспар әзірленіп, Сізбен бекітілген болатын.

Іс-шара кезінде 28 жедел мобильдік топ құрылып, Полиция департаментінің 100 қызметкері, сондай-ақ 6 қызметтік-іздестіру иттері, 39 автокөлік және 134 бірлік арнайы құралдар бөлінді.

Облыстың құмды аймақтарынан есірткі заттарын Қарағанды, Алматы және Түркістан облыстарына қарай тасу арналарын жабу мақсатында 4 мобильдік топ қойылды. 

Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап қарасораның қарқынды өсетін аумақтарында барлау-іздестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында пилотсыз ұшу аппараттары қолданылуда. Олармен осы кезеңге дейін 35 рет ұшу іс-шаралары жүргізілді. 

Мысалы, Шу ауданының құмды аумағында ұшу аппаратын қолдану нәтижесінде 517 кг «марихуана» есірткі затын дайындау барысында 41 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.    

Осы жылы «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасының 44 күндік нәтижесі бойынша облыс аумағында 88 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 35 дерегі қылмыс және 53 дерегі қылмыстық теріс қылық 

Заңсыз айналымнан 751 келіге жуық әртүрлі есірткі заттары алынды (739 кг «марихуана», 11 кг «гашиш») 

жабайы қарасораның есептері 33 жыл бұрынғы, яғни 1989 жылы жасалған облыстық топографиялық картаға сәйкес жүргізілуде.

Содан бері біраз өзгерістер орын алғаны белгілі, сол себептен картаны жаңарту мәселесі туындауда.

Осыған орай «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамының ұсынысына сәйкес облыстың топографиялық картасын жаңарту ғарыштан түсіру арқылы жасалады. Алғашқы коммерциялық бағасы шамамен 45 миллион теңгені құрайды. 

алдағы уақытта ауқымды профилактикалық іс-шараларды өткізу, оның ішінде есірткінің зияны мен оның заңсыз айналымына қатысты бейнероликтерді дайындап, «LED» экрандар арқылы көрсету, жастар арасында түрлі іс-шараларды (байқау, акция, спорттық іс-шара, викторина және т.б.) өткізу үшін кемінде 10  миллион теңге қаражат қажет болып тұр. Себебі, Жамбыл облысына профилактикалық жұмыстарға бөлінген ақшалай қаражат басқа облыстармен салыстырғанда  өте аз көлемде екені белгілі. 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Азаматтық хал актілерін тіркеу

Азаматтық хал актілерін тіркеу

28.08.2026, 17:18
Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

Шаңырақ шуағы: отбасы тұрақтылығының маңызы

07.08.2026, 18:43
Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында қабылдау өтті

07.08.2026, 10:21

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.