Жамбыл облысында халыққа көрсетілетін стомотологиялық қызмет Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясына кіреді. Халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысандағы стоматологиялық көмек арнайы тізбеге сәйкес жүргізіледі. Шұғыл стоматологиялық көмекке жататын халықтың санаттары: 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, ҰОС ардагерлері, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жасы бойынша зейнеткерлер, инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындар, мүгедек баланы күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекті күтіп-бағуды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар. 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер МӘМС қаражаты есебінен жоспарлы стоматологиялық көмекке жатады.
Басқа жағдайларда стоматологиялық көмек ақылы негізде көрсетіледі.
Медициналық көмек көрсетуге қарамастан жоспарлы немесе шұғыл көмек пациенттің жазбаша ақпараттандырылған келісімі арқылы жасалады. Ол емделушіге емдеу әдістері, емдеу кезіндегі ықтимал асқынулар мен салдарлар туралы ескертілгендігін білдіреді.
Медициналық көмек ақылы негізде көрсетілген жағдайда міндетті түрде медициналық көмек көрсетуге шарт жасасуды талап ету қажет.
Стоматологиялық көмек көрсету бойынша негізделген наразылықтар туындаған жағдайда азаматтар ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және оның аумақтық бөлімшелеріне жүгіне алады:
МФБК байланыс нөмірі: 8 7262 45-37-69
87262 45-08-79
ӘМСҚ сall-орталығы: 1406.
МФБК аумақтық департаменттерінің байланыс арналарымен МФБК сайтында танысуға болады.