• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

IT-кластерді дамыту қазақстандықтар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашады – Әлихан Смайыл

17.06.2022
0
IT-кластерді дамыту қазақстандықтар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашады – Әлихан Смайыл
125
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматыға жұмыс сапары аясында қаланың IT-кластерінің, медициналық және білім беру салаларының дамуымен танысты.

Әлихан Смайылов осы жылдың мамыр айында іске қосылған MOST IT Hub Almaty инновациялық кәсіпкерлікті дамыту орталығына барды.

Жалпы ауданы 5 200 шаршы метрлік орталықта кеңселер, коворкинг-кеңістіктер, ивент және бизнес-кездесулер өткізуге арналған аймақтар орналасқан. Сондай-ақ орталық базасында технологиялық стартаптарды қолдау бағдарламалары жүзеге асырылады, инвесторлар мен венчурлік қорлар өкілдерінің қатысуымен тақырыптық іс-шаралар өткізіледі.

Премьер-Министр IT-кластерді дамыту қазақстандықтар үшін жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

«Қалада жекеменшік инновациялық хабтар мен бизнес-инкубаторлар көбейіп келеді, ірі IT және креативті компаниялар құрылды. Алматыны үлгі етіп, еліміздің барлық облыс орталықтарында IT-хабтар іске қосылуы тиіс. Өңірлердің әкімдіктері Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, осы бағыттағы жұмысты күшейтуі қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін Mediker Hospital International жаңа көп бейінді медициналық орталығының қызметімен танысты.

Орталықта стоматологиялық кабинет, спорттық медицина, физиотерапия және оңалту бөлімі, МРТ, КТ, рентген диагностика және маммография кабинеттері, телемедицина кабинеті, екі операциялық зал және тәулік бойы жұмыс істейтін стационар бар.

«Қазақстанда медицинаның бірқатар бағыттары халықаралық деңгейде табысты бәсекеге түсе бастады. Жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, денсаулықтың негізгі көрсеткіштері жақсаруда. Телемедицинаның арқасында азаматтар өз елді мекендерінен шықпай-ақ жоғары кәсіби көмек ала алады», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр дәрігерлерді алдағы кәсіби мереке – Медицина қызметкері күнімен құттықтады.

Сондай-ақ Үкімет басшысы «Жас маман» жобасы аясында түрлі оқу-өндірістік шеберханалармен жабдықталған Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжіне барды.

Бұл — Машина жасаушылар одағы, Hyundai Center және Allur Auto сияқты серіктестермен бірге қалалық көлік үшін кадрлар даярлайтын жалғыз колледж.

«Президенттің тапсырмасымен елімізде кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Бұл колледж – қаланың жетекші оқу орындарының бірі. Мұнда жастар автослесарь, электромонтер, токарь, дәнекерлеуші және қазіргі таңда сұранысы жоғары басқа да мамандықтарды меңгереді. Қала әкімдігі қаладан тыс жерлерден келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, сондай-ақ түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу бойынша нақты шаралар қабылдауы қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр студенттердің СББ станоктарында токарлық, фрезерлік жұмыстар, автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету бойынша Worldskills қалалық және республикалық чемпионаттарындағы жеңісі колледждің сөзсіз жетістігі екенін айтты.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

23.06.2025
Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

23.06.2025
Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

23.06.2025
Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

23.06.2025
Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

23.06.2025
Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

23.06.2025
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Абай облысында жер сілкінісі болды

23.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский