• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

15.06.2022
0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
130
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter
Ақорда резиденциясында бес мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Вьетнам елшісі Тхай Ныы Май Фам, Португалия елшісі Мария де Фатима Велез де Андраде Мендеш, Армения елшісі Армен Гевондян, Чили елшісі Эдуардо Эксобар Марин, Жаңа Зеландия елшісі Сара Мари Уолш тапсырды.

Мемлекет басшысы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, еліміздегі игі міндеттерін орындау барысында оларға Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Үкіметі тарапы жан-жақты қолдау көрсететінін және көмектесетінін айтты.

Қазақстан Президенті Вьетнаммен арадағы тығыз ынтымақтастықты дамыту Азия-Тынық мұхиты кеңістігіне, соның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясына мүше мемлекеттерге (АСЕАН) қатысты Қазақстанның сыртқы саясатының ажырамас бөлшегі екенін атап өтті.

– Қазақстан Вьетнаммен арадағы саяси диалогты және сауда-инвестициялық байланысты кеңейтуге мүдделі. Вьетнам Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары екіжақты серіктестіктің ұзақмерзімді жан-жақты жол картасын әзірлеуге мүмкіндік береді деп санаймын. Оның сапары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің елордада өтетін алдағы саммитімен тұспа-тұс келеді деп үміттенеміз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Португалияны Қазақстанның Еуропа одағындағы сенімді серіктесі санайтынын айтты.

– Көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, жаңартылатын қуат көздері, жаңа технологиялар, мәдениет және туризм салаларындағы ықпалдастықты нығайту үшін әлеует жеткілікті. Бұл бағыттағы ынтымақтастықтың дамуы Португалия Президентінің Қазақстанға ресми сапарын ұйымдастыру үшін жақсы негіз болады, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміздің ТМД кеңістігіндегі негізгі серіктестерінің бірі – Армениямен арадағы көпжылдық ынтымақтастыққа баса мән беретінін атап өтті.

– Біздің екіжақты қарым-қатынасымыз терең тарихи байланыстарға негізделген. Оңтүстік Кавказдың стратегиялық маңызды өңірінде бейбітшіліктің тұрақты болуы және оның өркендеуі біздің көпжоспарлы екіжақты және көпжақты серіктестігімізді одан әрі нығайтатынына сенімдімін, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Чилимен арадағы екіжақты ықпалдастықтың дамуына көңілі толатынын білдіріп, оны жаңа деңгейге көтеру перспективаларына назар аударды.

– Біз Чилидің мыс алпауыты CODELCO корпорациясының қазақстандық компаниялармен стратегиялық серіктестік орнатуға деген орнықты ниетін құптаймыз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Зеландиямен арадағы екіжақты қарым-қатынасқа назар аудара отырып, оның өзара сенім мен мызғымас достыққа негізделгенін атап өтті.

– Қазақстан Жаңа Зеландия Үкіметімен ынтымақтастық орнатуға, жалпы тасымал жүйесі мен экономикалық орнықтылықты нығайту үшін өзара сауда-саттықты және инвестицияны кеңейтуге мүдделі, – деді Президент.

Жиын соңында Мемлекет басшысы дипломаттарға табыс тілеп, олардың елдерінің көшбасшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

Мемлекеттік қызмет – сабырлылықты және адалдықты талап ететін абыройлы міндет — әкім

23.06.2025
Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

Бектенов: Қазақстан ЕҚДБ-мен әріптестікті тереңдетуге дайын

23.06.2025
Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

23.06.2025
Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

Сенаторлар жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізуді ұсынды

23.06.2025
Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады

23.06.2025
Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

Косметолог алматылықтармен тері күтімінің қыр-сырымен бөлісті

23.06.2025
Қырғызстанда бір сағат ішінде екі жер сілкінісі тіркелді

Абай облысында жер сілкінісі болды

23.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский