Батыс Еуропа — Батыс Қытай республикалық автожолында жүргізушілердің назарын жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару мақсатында тәртіп сақшылары жүргізушілерге 500-ден астам парақшалар мен жадынамалар таратты.
Іс-шараның мақсаты-жүргізушілердің назарын жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару.
Көлік жүргізу кезінде ұйқының салдарынан жол-көлік оқиғасының көбеюіне байланысты полиция жүргізушілерге көлік жүргізу алдында демалудың маңыздылығы туралы ескертті.
— Біздің облыста жыл басынан бері 270 жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Олардың көпшілігі жүргізушілердің физикалық шаршауына байланысты орын алды. Адамдардың баратын жеріне үлгеруі қажеттігінен дұрыс демалмаған көлік жүргізушілерінің жолда көлік рөлінде ұйықтап қалулары жиі кездеседі. Бұл қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін.
Ағымдағы жылдың 3 айында облыстың автожолдарында 50 — ден астам адам қаза тапты, — деді Жамбыл облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі полиция майоры Серғазы Әбдіқұлов.