• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 13:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді

turan_admin turan_admin
06.12.2021, 18:16
Қазақстан жаңалықтары
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөз жүргізді
141
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев шағын құрамда өткен мазмұнды кездесуден кейін екі елдің ресми делегациялары мүшелерінің қатысуымен келіссөзді кеңейтілген құрамда  жалғастырды.

Президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, оның ішінде өзара тауар айналымын арттыру, инвестиция тарту және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік салалары бойынша кооперацияны дамыту мәселелеріне баса мән берді. Сондай-ақ су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мызғымас достыққа, тату көршілік пен стратегиялық ықпалдастыққа негізделген Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көпжақты байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

– Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-өзбек ынтымақтастығы барлық салада бұрын-соңды болмаған шыңдарға көтерілді. Құрметті Шавкат Миромонович, осы оң үрдіске Сіз сүбелі үлес қостыңыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті бүгінде екі ел мемлекетаралық серіктестіктің жарқын үлгісіне айналған берік әрі үйлесімді қарым-қатынас орнатқанын айтты. Барлық деңгейде белсенді әрі аса сенімді саяси диалог орнатылған. Үкімет деңгейіндегі жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр және парламентаралық байланыстар да нығайып келеді. Тараптар көпжақты құрылымдар мен тетіктер аясында өзара табысты жұмыс істеп жатыр. Қазақстан мен Өзбекстанның аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша, оның ішінде Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне қатысты көзқарастары мен ұстанымдары ортақ.

– Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуда теңдессіз ілгерілеу бар. Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы 30 пайызға артып, 3 миллиард доллардан асты. Біз жуық арада сауда айналымының көлемін 5 миллиард долларға, ал одан кейін 10 миллиард долларға дейін жеткізу міндетін қойдық. Пікіралмасу нәтижесінде бұл қол жеткізуге болатын мақсат деген тұжырымға келдік. Әрине, атқарушы органдар, ең алдымен, үкіметтеріміз осы мақсатқа жету үшін тиісті жұмыстарды жүргізуге тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тараптар гуманитарлық байланыстардың жанданғанын оң бағалады. Халықтарымыздың ортақ рухани-мәдени құндылықтарын байыта түскен Қазақстан мен Өзбекстан жылдары екі жақта да атап өтілді. Мемлекетаралық қатынастардың мәртебесін одақтастық деңгейіне дейін көтеру жөніндегі шешім екі ел басшыларының келіссөздері нәтижесінде қол жеткізген маңызды уағдаластықтардың бірі болды.

– Бүгін біз мемлекетаралық қатынастардың мәртебесін одақтастық деңгейіне дейін көтеруге уағдаластық. Жаңа ғана осы мәселе бойынша пікір алмасып, мұның елдеріміз арасындағы мүлдем жаңа сапалы деңгей екенін атап өттік. Әрине, одақтастық қатынастар мемлекеттерімізге ерекше міндет жүктейді. Мен мемлекетаралық кеңес құру жөнінде ұсыныс айттым. Осы кеңес аясында біз қажетсіз ресмиліктен тыс, іскерлік негізде жиі бас қоса аламыз, – деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев шағын құрамда өткен келіссөздің мазмұнды болғанын атап өтіп, екі ел арасындағы сауда айналымының рекордтық деңгейге жеткенін және бірлескен жобалардың сәтті жүзеге асырылып отырғанын айтты.

– Біз көп қырлы ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелері бойынша мүдделеріміз бен ұстанымдарымыздың ортақ екенін тағы да дәлелдедік. Елдеріміз арасында орнатылған жақын әрі бауырластық байланыстарымызды жоғары бағалаймыз. Жаңа ғана Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтарымыздың осы сапарға ризашылық танытып жатқанын айтты. Шын мәнінде, шекара маңындағы екі елдің де тұрғындары қатты қуанады. Себебі біз жиі кездескен сайын өзара қатынастарымыз жақсара түседі. Машина жасау, энергетика, электротехника, химия, жеңіл өнеркәсіп, банктер және басқа да салардағы кооперация бойынша сәтті шыққан жобаларымыз бар, – деді ­Өзбекстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық байланыстар туралы Декларацияға қол қойды.

 

Бұдан бөлек мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялардың мүшелері төмендегі құжаттарға қол қойды:

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың жазаcын одан əрі өтеу үшін беру туралы шарт;

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық бойынша келісім;

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғарыш кеңістігін бейбіт мақсаттарда зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы қазақ-өзбек кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісім;

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2022-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;

«Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығын құру туралы тұжырымдама;

«Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығын құру туралы бірлескен жоспар;

Түркістан-Шымкент-Ташкент жоғары жылдамдықтағы магистральдық құрылыс жобаларын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспары;

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда-Үшқұдық автокөлік және теміржол жолдарының құрылысы жобасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдар жоспары;

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігі арасындағы энергетика саласы бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум;

Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі арасындағы сот-сараптама қызметі саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі арасындағы әлеуметтік-еңбек саласы бойынша ынтымақтастық ниет туралы меморандум;

Өзбекстан Республикасына тікелей жеке шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі шарттары туралы келісім;

Жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы меморандум.

 

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.