• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы Каспий құбыры консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

16.11.2021
0
Мемлекет басшысы Каспий құбыры консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты
75
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Каспий құбыры консорциумының 25 жылдығымен құттықтап, мұнай-газ секторы Қазақстан экономикасының өсу қарқынын айқындайтын басты саланың бірі екенін атап өтті.

– Бұл саланы дамыту үшін  шетелден ауқымды инвестиция тартылып, озық технология енгізілді. Біздің еліміз әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы мемлекеттердің қатарында. Қазір жылына 90 миллион тоннаға дейін  мұнай өндіреміз. Өнімді сыртқа шығаратын Каспий құбыр желісінің салынуы  мұнай-газ секторын дамытуға айрықша ықпал етті, – деді Мемлекет басшысы.

Президент жобаның іске асырылуы әлемдік өлшем бойынша Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сияқты ірі кен орындарын игеруге тың серпін бергенін айтты. Қазіргі таңда елімізде өндірілетін мұнайдың 60 пайызы осы кен орындарына тиесілі.

– Консорциум Қазақстан мен Ресейдің, сондай-ақ «Шеврон», «ЭНИ», «Лукойл», «Шелл» және басқа да жетекші мұнай компанияларының қатысуымен халықаралық ірі мұнай тасымалдау жобасына айналды. Барлық қатысушы компаниялардың арасында мәмілеге қол жеткізу үшін Қазақстан мен Ресей басшыларының үлкен күш-жігерін қажет еткен әрі ұзақ жылдар бойы жүргізілген келіссөздер әлі есімізде. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған серіктестіктің 10 қағидасы Консорциумның табысты қызмет етуіне негіз болды. Бұл жобаның мен үшін мәні зор, себебі оның құрылысына және іске қосылуына арнайы қатысқан едім, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгін Каспий құбыры консорциумы – барлық акционердің жүйелі әрі тиімді жұмысының үлгісі. 2001 жылдан бері КҚК-нің мұнай құбыры арқылы әлемдік нарықтарға 750 миллион тоннадан астам Қазақстан мұнайы экспортталды. Оның өткізу қабілеті шамамен 2,5 есе артып, жылына 67 миллион тоннаға дейін жетті. Президенттің айтуынша, 2023 жылға қарай бұл көрсеткішті 80 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

– Былтыр Каспий құбыры консорциумы акционерлердің барлық қарызын өтеп, өзінің қаржы тұрақтылығын дәлелдей алды. Жалпы Консорциум – Қазақстанның мұнай-газ кешенінің негізгі бөлігі. Еліміздің экономикалық дамуына және азаматтарымыздың әл-ауқатын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отыр. Каспий құбыры консорциумын мегажоба деп айтсам артық емес. Оның болашағы зор екеніне сенімдімін, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий құбыры консорциумының ширек ғасырлық мерейтойы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін айтты.

– Консорциум шетелдік инвесторлармен ұзақ мерзімді ынтымақтастығымыздың символына айналды.  Жобаны Қазақстан мен Ресей бірлесе жүзеге асырды. Соның арқасында екі елдің мұнай тасымалы саласындағы серіктестігі нығая түсті, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Консорциумның еңбек ұжымы құбырдың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге зор үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Каспий құбыры консорциумының ұжымына, ардагерлеріне және акционерлеріне ризашылығын білдіріп, амандық пен табыс тіледі.

Жиын барысында Каспий құбыры консорциумының бірқатар ардагерлері мен қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Қасым-Жомарт Тоқаев наградаларды өз қолымен табыстады.

Іс-шара барысында Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новак, «Шеврон» компаниясының Еуразия-Тынық мұхиты аймағында мұнай барлау және өндіру жөніндегі президенті Найджел Хирн, «Лукойл» ЖАҚ президенті Вагит Алекперов және «Транснефть» компаниясының бірінші вице-президенті Максим Гришанин сөз сөйледі.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

12.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты