Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды және қаржыгерлерді ұлттық валюта күнімен құттықтады. Тоқаев елдің қаржы жүйесіне халықтың жағдайын одан әрі жақсарту міндеті жүктелетінін айтты.
– Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі, – деп жазды Тоқаев Twitter-де.
15 қараша күні Қазақстанда Ұлттық валюта күні атап өтіледі, 1993 жылы республикада теңге айналымға енгізілді. Ақшаның кіші номиналы «тиын» деп аталды.