Руслан Жақсылықов ішкі істер министрінің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы болып тағайындалды.
Бұл туралы Orda.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
– Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы лауазымынан босатылды, – делінген жарлықта.
Әскери атағы – генерал-лейтенант.
Дереккөз-https://kaz.orda.kz/ishki-ister-ministrini-orynbasary-ltty-lanny-bas-olbasshysy-ta-ajyndaldy/