Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз маңында орналасқан Байзақтағы жарылыстан зардап шеккен үйлердің қалпына келтіру жұмыстарын қарауға келді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Жарылыстан бір ай өткенен кейін Байзақ ауданы, Қайнар ауылының маңындағы қару жарақ сақтайтын қоймадан өрт шығып артынан үлкен жарылыстар орын алды. Құрылыс жүріп жатқан үйлердің біріне облыс әкімі жауаптыларымен бірге аралады.
Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев түске дейінгі уақытта жарылыс ошағына ең жақын орналасқан Қайнар ауылы тұрғындарының үйлерінің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Жамбыл облысы әкімінің айтуынша құрылыс жұмыстары 10 қарашаға дейін емес күн жылы болып тұрса 20 қазанға дейін аяқтайтынын жеткізді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын мердігерлер өз қаражаттарын салып жасап жатыр.
– Оларға үлкен алғыс. Осындай қиын сәтте көмек қолдарын созуда, – деді облыс әкімі.
Бердібек Сапарбаев тұрғындарды сырттан тек қарап ғана қоймай, қора жайларыды ретке келтіре берулерін сұрады.
– Үйде ер азаматтар бар ғой, құрылыс материалдарымен демеушілер барынша көмек беріп келеді. Енді тұрғындарды күн суымай тұрып бірлесе аяқтауын шақырамын, – деді Сапарбаев.
Бердібек Сапарбаев Қайнар ауылының тұрғыны Раушан Мамытбекованың құрылысы жүріп жатқан үйде болды.
Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында Қайнар тұрғыны жарылыстан бір ай өткеннен кейінгі өз ойларымен бөлісті.
– Қорқыныш жоқ. Балалар ұмытты. Бәрі жақсы. Үйдің құрлысы жақсы. Айтқанымды істеп жатыр. Бәрін істеп жатыр. Жарылыс болғаннан кейін бір ай өтті. Үйге перепланировка жасалды. Бала шағам бөлек бөлек жатсың деген оймен жасалды. Көңіл күйіміз жақсы, үйдің құрылысына сапасына өте жақсы баға берем, – деді Раушан Мамытбекова.
Еске салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Өрт салдарынан белгісіз заттардың жарылуы болды. Жарылыстардан кейін 93 адам ауруханаға жатқызылды.
Мақала авторы: Исламбек
Дереккөз-https://kaz.orda.kz/saparbaev-zharylystan-zardap-shekken-bajza-a-keldi/#part=2