• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары Азаматтық қоғам институттары

«Тоқтар Серіковтың шәкірті болу мен үшін зор мәртебе» — Елжас Оспан

14.09.2021
0
«Тоқтар Серіковтың шәкірті болу мен үшін зор мәртебе» — Елжас Оспан
163
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету, жас өнерпаздар жетістігін насихаттау – бүгінгі медианың бір мақсаты десек те болады. Cол мақсат жолындағы жазбамыздың келесі кейіпкері республикаға танымал жас әнші – Елжас Оспан.

Өнерге өз сүрлеуі, өз соқпағымен келіп тыңдарманын тапқан, халықтың ықыласына бөленіп үлгерген Елжас Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Ол жұрт алдына шығып, танымал болған уақытқа дейін кафе, ресторандарда ән айтып жүргенін жасырмайды. Әнші өнердегі ағалары қолдап, керемет адамдармен танысуға себепші болғанының арқасында тың туындылар жазылып, авторлық әндері арқылы халықтың жүрегінен жол тапқанына қуанышты.

Әнші болу менің бала күнгі арманым болатын. Сол арманның жетегінде Өскемен қаласында тойларға шығып жүрдім. Кейін Алматыға келгенде «Диета.kz» тобының белді әншісі, өнердегі ағамыз Жасұлан Базарбаев қазіргі хит әндерді туындатқан, белгілі композитор ағамыз Дәурен Сердалиевпен таныстырды. Өзіме жанашыр болған Айдын Смағұлов ағам қазақтың марқасқа ұлы, талантты әншісі Тоқтар Серіковпен жолықтырып, сол кісіге шәкірт болған жәйім бар, — дейді.

Ұстазы мықты шәкірттің осал болуға хақысы жоқ. Талантыңды шыңдап, тағдырыңда табанды болуға үйрететін де – ұстаз. Елжас Тоқтар ағасының үдесінен шығуға талпынатынын айтып, «ол кісіден аларымыз өте көп» — деп ағынан жарылды.

Бала күннен әндеріне сусындап өскеннен кейін Тоқтар Серіковтың шәкірті болу мен үшін зор мәртебе. Қазақ өнеріне келуіміздің бірден бір себепкерлері сол алдыңғы буын ағаларымыз емес пе?! Тоқтар ағамыз сияқты қазақтың ерке ұлына шәкірт болғанымды мақтан тұтам. Ол кісіден аларымыз өте көп. Алла бұйыртса өнер жолында тәрбиелеп жүрген ұстазымның үмітін ақтасам деген ниетім бар.

Мына індет біршама өнердің ғана емес, қаншама тынымсыз тіршіліктің жолын байлады. Елжас соған қарамастан еңбектенуін тоқтатпай, ән жаздырып, композиторлармен жұмыс жасап жатыр екен.

Қазіргі таңда бір ән жинағым жарық көрді. Екі бейнебаян түсіріп үлгердім. Бұған дейін Тоқтар Серіков, Бейбіт Сейдуалиева, Қанат Үмбетов төртеуміз бірге ән жаздырып, жарыққа шығарған болатынбыз. «Диета.кz» тобымен де дуэт орындадым. Алдағы уақытта жаңа әндер жарыққа шығады. Соған байланысты Нұртас Тұрғанбекұлы деген ақын ұлдарыңызбен бірлесіп жұмыс жасап жатқан жайымыз бар.

«Әннің де естісі бар, есері бар» — демекші қазіргі уақытта неше алуан әндер жарыққа шығып жатыр. Бірін ұқсаң, бірін түсінбейсің. Тамырында тағдыры жоқ сөздердің рухани тәрбие бере алмайтыны анық. Десе де Елжас осы олқылықтың орынын толтырғысы келеді.

Болашақ мақсатым қазақ халқының жүрегінен орын алатын есті әндер орындап, қазақ өнерінде өзіндік қолтаңбамды қалдырсам деймін. Жақсы, тың дүниелер шығарып, сапалы бейнебаян түсірсек деген ниет те жоқ емес. Ол үшін талмай, тынбай еңбек етемін. Алла қаласа көпшілікпен жақсы жаңалықтарыммен бөлісетін боламын.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» — дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастағаннан-ақ бірінші ата-анасы  тәрбиелейді. Ал өмір жолына қадам басқан сәттен бастап барлығына ұстазы баулиды. Елжастың ұстазы Ардақ Халитова да «жан-жағына шуағын шашып жүретін жүрегі кең, ақкөңіл бала болды» — деп пікір білдірді.

Елжас бала кезінен-ақ ән айтып, мектептегі шараларға белсенді қатынасып көзге түсті. Жан-жағына шуағын шашып жүретін жүрегі кең, ақкөңіл бала болды. Тектілік қанында бар, талант тағдырында болатын осындай азаматтарымыз ұстаздың ғана емес, елдің жүгін арқалайтын, ел мақтан тұтатын тұлға болатынына сенім білдіремін.

Әнші боламын деп әуелден-ақ мақсат қойған Елжас ұлдарыңызға өнердегі жолы ашық, Тоқтар ағасындай азулы әнші болсын деген тілек білдіреміз.

Мақала Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ұрпақтар сабақтастығын және Қазақстан халқының дәстүрлерін танымал етуді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Жетістіктің тарихы» жобасы аясында әзірленді.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/66145/

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

Таразда 4 мыңнан астам бала спорт секцияларына қол жеткізді  

23.05.2025
Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

Өңірлік колледждерде инвестициялық жобаларға сапалы кадрлар дайындалмақ

23.05.2025
Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

Елімізде ресми түрде шомылуға рұқсат етілген 698 орын бар

23.05.2025
Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

Алматы тау кластері Орталық Азиядағы жыл бойы жұмыс істейтін ең ірі туристік жобаға айналады

23.05.2025
Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

Талдықорғаннан солтүстікке қарай 12 км қашықтықта жер сілкінді

23.05.2025
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына бірқатар тапсырма берді

23.05.2025
«Әкем – тірегім, анам – жүрегім!»

«Әкем – тірегім, анам – жүрегім!»

23.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты