Жамбыл облысында 13.09.2021ж. дейін тәулігіне – 6503 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 3930 адамға, 2 — айналымда 2573 адамға екпе жасалды. 13.09.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 440235 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 75,6%-ды құрайды, оның ішінде 19284 — медицина қызметкерлері (4,4 %), 39154 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (8,9%), 19098 – күш құрылымының мамандары (4,3%), 7729 — мемлекеттік қызметкерлер (1,7%), 19386 — студенттер (4,4%), 573 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,1%), 79560 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (18,1%) және 255451 — басқалары (58%).
Екпе алған 440235 адамның, 311028 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 1545 доза және 2 компонент 59730 доза; «QazVac» 1 айналымына 4204 дозаның және 2-ші айналымына 21021; Синофарм VeroCell 1 тур – 7762 доза, 2 тур – 5862; «CoronaVac» — 493 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 2 айналымына — 952 доза,. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз қызметі