Жамбыл облысында 12.09.2021ж. дейін тәулігіне – 3224 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 2741 адамға, 2 — айналымда 483 адамға екпе жасалды. 12.09.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 436305 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 75%-ды құрайды, оның ішінде 19277 — медицина қызметкерлері (4,4 %), 39129 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (9%), 19098 – күш құрылымының мамандары (4,4%), 7720 — мемлекеттік қызметкерлер (1,8%), 19257 — студенттер (4,4%), 573 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,1%), 78531 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (18%) және 252721 — басқалары (58%).
Екпе алған 436305 адамның, 308455 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 1785 доза және 2 компонент 61620 доза; «QazVac» 1 айналымына 4984 дозаның және 2-ші айналымына 21093; Синофарм VeroCell 1 тур – 10672 доза, 2 тур – 6248; «CoronaVac» — 715 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 2 айналымына — 955 доза,. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз қызметі