Жамбыл облысы әкімдігінің оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы өтті.
Кезекті секциялық отырысқа облыс аудандары мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, математика пәні мұғалімдері, барлығы 278 педагог қатысты.
Онлайн кездесуде 2021-2022 оқу жылында нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын анықтаудың әдіс-тәсілдері туралы ақпарат беріліп, ұсыныстар айтылды.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы