Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалымен бірлесе отырып, «Жалпы білім беретін мектептерде бастауыш білім берудің жайы мен 2021-2022 оқу жылындағы міндеттері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секциялық отырысы өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар 2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері, бастауыш білім беру сатысында функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Онлайн іс-шараға 268 педагог қатысты.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы