Облыстық білім басқармасының онлайн орталығында ZOOM платформасы арқылы «Қыздардың өсімталдық денсаулығы» атты облыстық онлайн дәріс өтті.
Ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің қауіп-қатері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған дәріске Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты №4 қалалық емхананың гинеколог дәрігері Гатина Нория Зуннуровна, «Зер-Күміс» ЖШС-нің директоры Арынбаева Зайда Арынбайқызы және де аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мамандары, ата-аналар комитетінің төрағалары мен ата-аналар қатысты.
Аталған іс-шарада барлығы 100-ге жуық ата-аналар мен қонақтар қамтылды.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы