Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен аудандық, Тараз қалалық білім бөлімдерінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған «Особенности преподавания русского языка и литературы в общеобразовательных школах и задачи на новый учебный год» тақырыбында секция отырысы өтті.
Секция отырысына 293 орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскерлері мен мұғалімдері қатысты.
Іс-шара барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері карантиндік «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен танысып, қашықтан оқыту жағдайында белсенді және интерактивті әдістерді пайдалану, жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлеу бойынша мәселелерді талқылады.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы