Жамбыл облысы Меркі колледжі 10130300-«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 3W10130302 «Аспазшы», 3W10130301 «Кондитер-безендіруші», 4S10130303 «Кондитер-безендіруші» біліктілігі бойынша мамандарды даярлайды. 2020-2021 оқу жылында колледжде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша әдістемелік бірлестікте 4 оқытушылар мен 10 өндірістік оқыту шеберлері бар. Олардығ қатарында жоғары санатты – 1, бірінші санатты – 2, екінші санатты – 7 оқыту шеберлері қызмет атқаруда. Студенттердің білім алуына жағдай жасалып, мамандық бойынша аспаз жабдықтарымен, материалдық техникалық базасымен қамтылған. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» теориялық кабинеті мен «Тамақтандыруды ұйымдастыру» шеберханасы студентердің игіліне қызмет етуде.2020-2021 оқу жылындағы «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 124 студент білім алуда.
«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша студенттер модульдық және дуалдық оқыту бойынша білім алып, колледждің серіктестіктері: «Ақ сарай», «Алтын сарай», «Тау самалы», «Меркі», «Алтынай»ж т.б. тойханалар мен кәсіпорындарынан тәжірибеден өтеді.«Worl dSkills Merke-2021» колледжішілік, экономикалық өсім мен дербес даму үшін құзіреттердің маңыздылығын көрсету, кәсіби құзіреттерді арттыру, жоғары білікті мамандардың дәрежесін көтеру мақсатында бітіруші түлектері мен 2 курс студенттері арасында, «Наубайхана ісі» құзреттілігі және «Аспаздық ісі» құзреттілігі бойынша чемпионат өткізілді. «Наубайхана ісі» құзреттілігі бойынша Жорабекова Аида Ғалымжанқызы І орын , Асилбекова Замира Абикуловна ІІ орын , Маралова Лаура Жолдасбайқызы ІІІ орын иеленді. Нәтижесінде «WorldSkills Taraz-2021» облыстық чемпионатына Жорабекова Аида Ғалымжанқызы жолдама алды. Ал «Аспаздық ісі» құзреттілігі бойынша Көшікбай Нұрғиса Бекайдарұлы І орын, Куаныш Жібек Асыланқызы ІІ орын, Дубовец Анна Андреевна ІІІ орын иеленді. Нәтижесінде «WorldSkills Taraz-2021» облыстық чемпионатына Көшекбай Нұргиса Бекайдарұлы жолдама алды.
Колледжде студенттерді ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты жастарға қолдау көрсету, тұлғалық шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты колледжішілік инновациялық идеялар байқауына 1-2-3курс студенттері қатысып, өз бұйымдарымен таныстыру ұйымдастырылып келеді.
Мамандар даярлау сапасын анықтау,білімдер мен дағдыларды бекіту және тереңдеу, бойынша ең дарынды педагогтарды және өндірістік оқыту шеберлерін анықтау мақсатында «ПРОФИ-2021» колледжішілік байқауы өткізілді..Чемпионат ережесіне сай тапсырмаларды кезең-кезеңімен Техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақтап, құрал жабдықтар мен құрылғыларды талапқа сай пайдаланып; Тапсырманы белгіленген уақыттан кешіктірмей орындап; Тапсырманың көркемдік және техникалық сапасын өте жақсы дәрежеде орындап,чемпионатта қатысушыларға құзіреттіліктерге байланысты кезең-кезеңмен деңгейлік тапсырмалар орындады. Байқаудың қорытындысында «Аспаздық ісі» құзреттілігі бойынша Шәріпхан Жансая Асанқызы І орын, Мамикова Нағима Шарипбаевна ІІ орын , Борибаева Назира Кыдыралиевна ІІІ орын иеленіп, «Профи-2021» облыстық чемпионатына Шәріпхан Жансая Асанқызы жолдама алды. Оқу орынында «Жас маман-2021» колледжішілік байқауына «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Г.Рахметова қатысып, бас жүлдені иеленді.
«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Педагогтердің ІТ құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру» біліктілікті арттыру курсынан Аденова Эльмира, Ақылбаева Асель, Байболатова Гульхан,Шарипхан Жансая,рахметова Гулзат, Ошақбаева Гүлназ,Мамикова Нагима, Орынбасар Жания, Құралбаева Нұрсауле,Қайралаповп Алуа, Бөрібаева Назира өтті. Оқу орынының өндірістік оқыту шебері Аденова Эльмира және Шәріпхан Жансая «Жас маман» жобасы аясында ашылған «Құзреттілік орталығының қызметі» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының педагогтар үшін өткізілген облыстық семинарға қатысып, сертификат иеленді. Жамбыл облыстық жастар ресурстық орталығында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын іске асыру, жастардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, жастарды жұмысшы мамандықтарға тарту, еңбек нарығында олардың «ПРОФИ 2020» облыстық байқауында «Аспазшы номинацичсы бойынша» Қайралапова Алуа ІІІ дәрежелі дипломмен және Рахметова Гулзат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2020-2021 оқу жылында колледж қызметкерлері аудандық, облыстық, қалалық деңгейдегі басылымдарға мақалалар беріп, жариялады. Мәселен, Куралбаева Н. «Продемонстрировали свое мастерство», Орынбасар Ж. «Бүгінгі жас маман — ертеңгі ұлағатты ұстаз!», Кайралапова А. «Тәуелсіздік – тұғырым!», Шәріпхан Ж., Аденова Э. «Оқытушылар сайысқа түсті», Ошақбаева Г. «Кәсіпті игеру- нәсіпті болу», Бөрібаева Н «Үздік жас маман – 2021», Мамикова Н. «Қазақ асханасының тағамдары», Аденова Э. «Манты ассортименті», Ошакбаева Г. «Оқыту жүйесі-білім мен өндіріс бірлігінің ж/е болаш-ақ маман даярлаудың негізі» , Шәріпхан Ж. «WORLDSKILLS- жұмысшы мамандарды сапалы даярлаудың жаңа сатысы», Ошақбаева Г. «Инновациялық технология-ларды қолдану- білімгерлер-дің білім сапасын арттыру-дың кепілі», Шәріпхан Ж. «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбында мақалалар бұқаралық ақпарат беттерінде жарық көрді. Жамбыл облысы Меркі колледжі 07161600 «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша 3W07161603 «Ауыл шаруашылығы тракторист – машинисті» біліктілігін бере отырып мамандар дайындайды. 2020-2021 оқу жылында колледжде «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандықтары бойынша әдістемелік бірлестікте жоғары санатты бір, бірінші санатты екі, екінші санатты үш оқытушылармен мен өндірістік оқыту шеберлері қызмет атқарады. 2020-2021 оқу жылындағы «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша 73 студент білім алуда. «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша колледж материалдық базамен жабдықталған.
«Жеңіл автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» зертханасы, «Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу және қызмет көрсету» шеберханасы, IT кабинеттері студенттердің игілігіне берілген. «Ауылшаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша студенттер дуалдық оқыту бойынша білім алып, колледждің серіктестіктері: ЖШС «Жылы бұлақ»ШҚ «Сері», ШҚ «ӨС-ӨН», ШҚ «Бөрібай», ШҚ «Бөлекбай» және т.б шаруа қожалықтары мен кәсіпорындарынан тәжірибеден өтеді.
Жас маман жобасы бойынша келген заманауи техникалармен жұмыс жасау үшін оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлері өз біліктіліктерін көтеру мақсатында тағылымдамадан ТОО «Евразия групп Казахстан», ТОО «ABM ЭЛИТ», ИП «ДЖУПБАЕВА Г.Д.» өтті. Оқу орнында «Білікті маман – Ел болашағының алтын кілті» тақырыбындағы онкүндігі ұйымдастырылып, «МТЗ Беларусь 1221 тракторының басқару жүйесімен және берілісті алға, артқа қосып жүргізіп үйрету» тақырыбындағы өндірістік сабағы өткізілді. 07161600 — «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» әдістемелік бірлестігінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің 2020-2021 оқу жылындағы ашық сабақтар ұйымдастырылды. «Маман даярлауға арналған маңызды жоба — WorldSkills» атты облыстық семинарда өндірістік оқыту шебері Аймбетов Ондасын Жаналыкович Жұмысшы мамандығының Worldskills Kazakstan кәсіптік шеберлігін арттыру мақсатында «WorldSkills – кәсіби кадрларды жаңа сапаға көтерудің негізі» тақырыбында баяндама оқыды.
Еліміздегі «Жас маман» жобасы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылы аясында қолға алынған бағдарламасы бойынша еліміздегі колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңарту мақсатында «Jambyl TV» телеарнасы түсірілімін жүргізді. Бәсекелік қабілет – жаңғыру негізі аясында, еңбек нарығындағы әртүрлі салалар бойынша туындаған мамандарға қажеттілікті, сұранысты өтеу мақсатында «Хабар 24», «Қазақстан» Ұлттық теле арналары «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының материалдық техникалық базасы бойынша 25 мамыр айында түсірілім жүргізілді. Экономиялық өсім пен дербес даму үшін құзіреттердің маңыздылығын көрсету, кәсіби құзіреттерді арттыру, жоғары білікті мамандар дәрежесін көрсету мақсатында ІІ,ІІІ бітіруші түлектер арасында жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру мақсатында өткізілген колледжішілік «WorldSkills Merke-2021» чемпионаты. Колледжішілік чемпионатқа «Автокөлік жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету», «Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету» құзіреттіліктері бойынша 6 студент қатысты. Қатысушылар өздеріне берілген тарсырмаларын өз деңгейінде орындап шықты. Екі құзіреттілігі бойынша № 31 топ студенттері Мурзаханов Бекжан Сағынханұлы, Дуйсенов ерзат Елдосұлы І орынды иеленіп «WorldSkills- 2021» облыстық чемпионатына жолдама алды. Студенттерге ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту,талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында 23.04.2021ж. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» қолледжішілік инновациялық идеялар байқауы өтті.Байқауға «Ауылшаруашылығын механикаландыру» әдістемелік бірлестігінің студенттері және олардың жетекшілерінің «жол қозғалысының белгілері» макеттері ұсынылды.
Айтбаев Базарбай Сатыбалдиевичке «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы беріліп Куәлік және төс белгісімен марапатталды. WorldSkills-Zhаmbyl-2019» облыстық чемпионатына үлес қосканы үшін Гузненков Руслан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, жетекшісі Толендиев Тоқтағұл Алғыс хатпен марапатталды.Толендиев Токтагул Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысы Г.Ходжабергенованың 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, Ракаева А. «Родина не может существовать без свободы» , «Ұлағат иесі-ұлы ұстаз!», Аденов А. «Тәуелсіздік-ортақ құндылығымыз» тақырыбында мақалалары жарияланды.
Жамбыл облысы Меркі колледжі 07150500 «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» мамандығында студенттерді оқыту арқылы 3W07150501 «Электргазымен дәнекерлеуші» біліктілігі беріледі. «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша әдістемелік бірлестікте 3 оқытушы, 12 өндірістік оқыту шеберлері еңбек етуде. «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша студенттердің білім алуына жағдай жасалып, материалдық базамен жабдықталған. 2020-2021 оқу жылындағы «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша 149 студент білім алуда. «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша студенттер модульдық және дуалдық оқыту бойынша білім алып, колледждің серіктестіктері: «Қарға батыр», «Жылы бұлақ», «Әмір», «Бешко», «Қалысбаев», «Байгулов», «Аспара», «Абдекеев», «Мейрамбек», «Нұрбақыт» ж.т.б шаруа қожалықтары мен кәсіпорындарынан тәжірибеден өтеді. Колледжде «Дәнекерлеу технологиясы» құзіреттілік орталығы ашылды. 2020 жылдың 25 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастырумен колледждердің өндірістік оқыту шеберлері арасында «Өз ісінің шебері» атты облыстық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқаудың нәтижесі бойынша №9 Меркі колледжінен «Дәнекерлеу ісі» мамандығының өндірістік оқыту шебері Мадибаева Жазира Сейдуалиевна «Заманауи шебер» номинациясымен марапатталды. 2020-2021 оқу жылында желтоқсан айының 21 – 31 күндері аралығында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы әдістемелік бірлестігінің жоспарына сай онкүндігі өткізілді. Әдістемелік бірлестіктің онкүндігі жоспарға сай желтоқсан айының 22-сі күні ZOOM платформасы арқылы «Шығармашылық жұмыс – ізденімпаздықтың кілті» атты онлайн семинар өткізілді. Онкүндікте «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша әдістемелік бірлестігінің өндірістік оқыту шеберлері ашық сабақтарын өткізді. Меркі колледжіндегі «WorldSkills Merke-2019» колледжішілік чемпионаты өткізілді. «WorldSkills Merke-2021» колледжішілік чемпионаты өтті. «WorldSkills Merke-2021» колледжішілік чемпионатының қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Ширинов Рамазан Ельдарович, ІІ дәрежелі дипломмен Ермаханұлы Аділет, ІІІ дәрежелі дипломмен Андреев Артем Сергеевич жұмыстары жақсы деп танылып, марапатталды. №9 Меркі колледжінің «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша «ПРОФИ-2021» колледжішілік байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты дәнекерлеуге байланысты конкурсқа қатысушылардың жеке дағдыларын анықтау және көтермелеу; шығармашылық өз ойын білдіруге қолдау көрсету және конкурсқа қатысушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту; «дәнекерлеуші»мамандығын танымал ету, дәнекерлеу мамандығын дәріптеп, насихаттау.
Байқауға тәжірибе жинақтаған колледж көлеміндегі дәнекерлеу ісінің мамандығының шеберлері Талқанбаев Бауыржан Нурланович, Абилхайров Даулен Серикулы, Сауранов Алмат Бейсенбаевич, Сатыбалдиев Жақсылық Сакенұлы, Жапаркулов Данияр Жанузакович, Шырышбаев Мейрамбек Жакыпбекулы, Шоншабай Максут Рустемулы қатысты. «Жас маман-2021» колледжішілік байқауына «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша Ж.Еркебаева қатысып, 2-орын иеленді. Колледжде студенттерді ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты жастарға қолдау көрсету, тұлғалық шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты колледжішілік инновациялық идеялар байқауына 1-2-3курс студенттері қатысып, өз бұйымдарымен таныстырды
Курамаева Нурбала Рахматуловна «Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналына «Дәнекерлік шілтірлер» атты сабағы, Сауранов Алмат Бейсенбаевич – Меркі ақиқат газетіне «Проект «Жас маман» в Меркенском колледже №9» атты мақаласы, Курамаева Нурбала Рахматуловна -«Ұлы дала ұстазы» халықаралық ғылыми-педагогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік 100 автор — 2020» атты республикалық ғылыми-практикалық республикалық жобасының «Үздік сабақ жоспар» номинациясы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен және сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, Курамаева Нурбала Рахматуловна — Республикалық «Болашақ жұлдыз» орталығының ұйымдастыруымен «Болашақ жұлдыз» Республикалық байқауына шәкірт дайындағаны үшін «Үздік ұстаз -2020» төсбелгісімен, Республикалық «Болашақ жұлдыз» орталығының «Дарынды ұстаз» атты байқау «Үздік мұғалім презентациясы» дипломымен, Республикалық «Болашақ жұлдыз» орталығының «Дарынды ұстаз» атты байқау «Үздік ашық сабақ» Дипломымен, Республикалық «Болашақ жұлдыз» орталығының «Дарынды ұстаз» атты байқау «Үздік қаламгер» Дипломымен, Республикалық «Болашақ жұлдыз» орталығының «Дарынды ұстаз» атты байқау «Үздік сабақ жоспары» Дипломымен, Республикалық «Болашақ жұлдыз» орталығының Дипломымен марапатталды. Мадибаева Жазира Сейдуалиевна — «Өз ісінің шебері» атты облыстық байқауға қатысып «Заманауи шебер» номинациясымен, Абдиманап К., Абилхайров Д.С., Сауранов А.Б. – Республикалық Тәуелсіздік тұғыры kz. Журналы ұйымдастырған «Жаңашыл ұстаз» байқауының жеңімпаздары болып Дипломдармен, Мадиева Ғ. – Сызу пәнінен студенттерді олимпиадаға дайындағаны үшін алғыс хатпен, Мадиева Ғ. – «Педагогика» Блиц турнирге қатысып І-дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, Мадиева Ғ. – «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми әдістемелік сайтына оқу-әдістемелік материалы жарияланып, сертификатпен, Мадибаева Ж.С. – Республикалық «Болашақ жұлдыз» орталығының «Дарынды ұстаз» атты байқау «Үздік мұғалім презентациясы» Дипломымен, Мадибаева Ж.С. – Республикалық «Болашақ жұлдыз» орталығының ұйымдастыруымен «Болашақ жұлдыз» Республикалық байқауына шәкірт дайындағаны үшін Дипломымен марапатталды. Мадиева Ғ. жетекшілігімен — Сызу пәнінен олимпиадаға Амангелді Әлімжан, Деккер Маркус қатысып, марапатталды. Меркі колледжінде 07150300 «Токарлық іс» мамандығы бойынша білім алған студенттерге 3W07150301 «Токарь» біліктілігі, 07130100 «Электр жабдықтары» мамандығы бойынша оқыған студенттерге 3W0713101 «Электромонтер» біліктілігі беріледі. 2020-2021 оқу жылында колледжде «Токарлық іс және электр жабдықтары» мамандықтары бойынша әдістемелік бірлестігінде 3 арнайы пәндер,12 өндірістік оқыту шеберлері қызмет етеді. Олардың қатарында жоғары санатты – 1, бірінші санатты – 5, екінші санатты – 3 педагог қызмет атқарады. «Токарлық іс» мамандығы бойынша студенттердің білім алуына жағдай жасалып, материалдық базасы жасақталған.
2020-2021 оқу жылындағы «Токарлық іс және электр жабдықтары» мамандығы бойынша білімгерлердің контингенті 135 студентті құрайды. «Токарлық іс және электр жабдықтары» мамандығы бойынша студенттер дуалдық оқыту бойынша білім алып, колледждің серіктестерінен,ЖШС «Жылы бұлақ», ЖК «Абдекеев»» АО, «Казпочта» РУПС, Қазақ телеком АҚ, Оңтүстік ОТД, Жамбыл ЖЖТТ, Меркі ЖТЦ ЖШС « Гидроэнергетическая компания», Меркі ауданы ГЭС -1ж.т.б шаруа қожалықтары мен кәсіпорындарынан тәжірибеден өтеді.
Избасаров Дихан ІІІ – дәрежелі дипломмен «үздік тәлімгер – 2020 әлеументтік серіктестіктер мен коллеждердің бірлескен облыстық байқауында кәсіби шеберлік көрсеткен Избасаров Д.Т. , Аскербай Дархан марапаттталды. Избасаров Д.Т. Nur Otan партиясының Меркі аудандық филиалы партия қызметінің жаңғыруға бағытталған еліміздің қоғамдық саяси даму тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған ішкі партиялық праймеризді өткізуге қолдау корсетіп, саяси шараның табысты өтуіне белсенді атсалысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды. «Үздік авторлық бағдарлама» обылыстық байқауыа қатысқаны үшін № Меркі колледжі Жиргалбекова Ғалия Рахымқызы марпатталды. «Маман даярлауға арналған маңызды жоба Worldskills» атты облыстық қашықтықтан өткізілген семинарда«Токарлық жұмыс сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарында құзыреттілік бойынша маман даярлау» тақырыбында Ауесханова Шынар баяндама оқыды. Сонымен қатар, Байтурсунов Н. «Рабочие профессий всегда в цене», Байтурсунов Н. «Гений казахской земли», Избасаров Д. «World skills» чемпионаты» атты мақалалары жарық көрді.Экономиялық өсім пен дербес даму үшін құзіреттердің маңыздылығын көрсету, кәсіби құзіреттерді арттыру, жоғары білікті мамандар дәрежесін көрсету мақсатында І,ІІ,ІІІ бітіруші түлектер арасында жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру мақсатында колледжішілік «WorldSkills Merke-2021» чемпионаты өткізілді. «Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарда токарлық жұмыс» құзіреттілігі -Сугуралиев Ғ, ЖК «Абдекеев Ы.Ғ» басшысы Абдекеев Ы.Ғ бас сарапшы ,«Электромонтер» құзіреттілігі бойынша бас сарапшы арнайы пән оқытушысы Рахметов Жеңіс тағайындалды. Колледжішілік чемпионатқа «Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарда токарлық жұмыс» құзіреттілігі және Электромонтер құзіреттілігі 15 студент қатысты. Олар өздерінің білік маман ретінде берілген тарсырмаларын өз деңгейінде орындап шықты. «Электромонтер» құзіреттілігі бойынша 1 орынды № 36 топ студенті Бораш Талант, 2 орынды 26 топ студенті Степанов Николай, 3 орынды 16 топ студенті Молдағалиев Нурман иеленді. «Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарда токарлық жұмыс» құзіреттілігі бойынша 1 орынды 25 топ студенті Дүйсебай Диас, 2 орынды 25 топ студенті Райымбеков Мырзағали, 3 орынды № 15 топ студенті Әбілқасым Ерасыл иеленді.Облыстық чемпионатқа Райымбек Мырзағали жолдама алды.Кәсіби құзіреттерді арттыру, жоғары білікті мамандар дәрежесін көрсету мақсатында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері арасында жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру мақсатында колледжішілік «ПРОФИ-2021» байқауы өткізілді. «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандық бойынша бас сарапшы колледж электригі Жексембиев Сейсенбай тағайындалды. Колледжішілік байқауға «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» құзіреттілігінен 5 қатысушы қатысты. Олар өздерінің білікті маман ретінде берілген тарсырмаларын өз деңгейінде орындап шықты. «Электромонтер» құзіреттілігі бойынша 1 орынды арнайы пән оқытушысы Рахметов Жеңіс, 2 орынды өндірістік оқыту шебері Макебаев Шыңғыс, 3 орындыөндірістік оқыту шебері Құрымбаев Қайырбек иеленді. Өндірістік оқыту шеберлері Байтурсынов Нурғиса, Тұрмаханбетов Бектұрған алғыс хатпен марапатталды.
Меркі колледжінде 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша білім алған студенттерге 4S06130105 «Ақпараттық жүйелер технигі» біліктілігі, 06120100 «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер(түрлері бойынша)» мамандығы бойынша білім алған студенттерге 3W06120101 «Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы» біліктілігі беріледі. «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» және «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер(түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша әдістемелік бірлестікте арнайы пәндер мен өндірістік оқыту шеберлері қызмет етеді. Олардың қатарында жоғары санатты – 1, бірінші санатты – 3, екінші санатты – 7 педагогтар қызмет етуде. «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» және «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер(түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша студенттердің білім алуына жағдай жасалып, материалдық базасы жасақталған. «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» және «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер(түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша студенттердің контингенті 96 студентті құрайды.
«Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» және «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер(түрлері бойынша)» мамандықтары бойынша студенттер модульдық және дуалдық оқыту бойынша білім алып,: ЖШС «Париев» Елемесов Е., ЖШС «Нур-Ер-Ислам» Дүйсенбеков Н., №19 Сыпатай Әлібекұлы атындағы орта мектеп, Меркі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ, Меркі аудандық сырттай оқытатын орта мектеп, №3 орта мектеп, Сарымолдаев ауылдық округі, Меркі ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ж.т.б шаруа қожалықтары мен кәсіпорындарынан тәжірибеден өтеді. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Информатика» жалпы білім беру пәнінен колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша,Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының баспасөз қызметкерлері мен SMM менеджерлеріне арналған «Әлеуметтік желідегі жұмыс» тақырыбындағы Республикалық онлайн семинарға В.Байдаулетова қатысып,сертификат иеленді.Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беру дамыту орталығымен » облыс көлемінде «Worldskills Taraz 2020-2021» өңірлік чемпионатына «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және Акпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Web дизайн құзіреттілігі бойынша жетекшісі Умирзакова Д, Дұйсенқұлов А. ІІ-орынды иеленді. WorldSkills Merke-2021» колледжішілік чемпионаты өткізіледі.Чемпионатқа «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша-2, «Графикалық дизайн» құзреттілігі бойынша-5 студент қатысты. Колледжішілік чемпионатының қорытындысы бойынша: «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойыншаІ дәрежелі дипломмен Нұрмерген Әлібек ІІ дәрежелі дипломмен Қабдыжалел Ансарғабдыл ,«Графикалық дизайн» құзреттілігі бойынша І дәрежелі дипломмен Бегеналы Айдана ІІ дәрежелі дипломмен Мырзахметов ЕрболатІІІ дәрежелі дипломмен .Шонаева Гумисай, Алиева Диана, Сейілханова Әсемай марапатталды. Облыстық чемпионатқа«Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойыншаНұрмерген Әлібек, ,«Графикалық дизайн» құзреттілігі бойынша Бегеналы Айдана жолдама алды. Сәуір айының 21 күні Кәзіргі заман талабына байланысты конкурсқа қатысушылардың жеке дағдыларын анықтау және көтермелеу; шығармашылық өз ойын білдіруге қолдау көрсету және конкурсқа қатысушылардың шығармашылық дағдыларын дамыту; » Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және Акпараттық жүйелер «мамандығын танымал ету, насихаттау мақсатында «ПРОФИ-2021» колледжішілік байқауына арнайы пәндер оқытушысы Мусаева Алия, өндірістік оқыту шеберлері Кокушов Рустем.Шайменова Аяулым,Жайлаубаева Кулмара,Жекебаева Айнұр,Ибрагимова Алтынай Фотошоп Coroldrow , каробка жасау, Вива видео , Сайт құру, Логатип модульдері бойынша қатысып, нәтижесінде 1-орынды Кокушов Р.,2-Шайменова А, 3-орынды Мусаева А алды. Жекебаева А,Ибрагимова А,Жайлаубаева К Алғыс хатпен марапатталды. Колледжде студенттерді ғылым мен техниканың әртүрлі саласындағы өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты жастарға қолдау көрсету, тұлғалық шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру мақсатында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты колледжішілік инновациялық идеялар байқауына біздің бірлестіктен 1-3курс студенттері жетекшілерімен қатысып, өз бұйымдарымен таныстырды. «Жас маман-2021» колледжішілік байқауына «Есептеуіш техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Даулетиярова Сүмбілшаш қатысып, 1-орын иеленді.
Жайлаубаева К. «Жолдау- баршаға ортақ», Байдаулетова В. «Тарих-болашаққа бағдаршам», Мусаева А. «Күлкі – жанның шипасы», Даулетиярова С. «Отбасы – аялы алақан мекені!», Шайменова А. «Кәсіптік – техникалық білім-келешек кепілі», Мусаева А. «Тәуелсіздік тұғырым», Ибрагимова А. «Татулық пен ынтымақтың белгісі», Байдаулетова В. «Мемлекеттік қаржы ж/е ақша айналымы», Иса Э. «MS Excel-де мәліметтер базасы» мақалалар бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланды.
Иса Э «ULY DALA YSTAZY» халықаралық ғылыми –педагогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік 100 автор» атты республикалық ғылыми-практикалық республикалық жобасының «Үздік сабақ жоспар» номинациясы бойынша ІІ орын алғандығы үшін, Республикалық ғылыми -әдістемелік Мәртебелі ustaz.kz журналы мен Daryn.all орталығы ұйымдастырған «Білікті педагог» номинациясымен, Мусаева А. «Digital Kazakhstan: цифрландырудың жаһандық трендтері және халықаралық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференцияға қатысқаны үшін , Bilimger .kz Республикалық білім порталына әдістемелік материал және сабақ жоспарларын жариялап ,Республика көлемінде жаңа ақпараттық технология арқылы әдістемелік тәжірибе алмасып ,белсенділік танытқаны үшін, Bilimger .kz республикалық білім порталында өз еңбегін жариялау арқылы Қазақстан аумағында өз тәжірибесімен бөліскен үшін Сертификатпен, «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасы мен саяси Докторинасы талаптарын іске асырудағы қаржылы қызметіңіз үшін және жастар саясатының дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Алғыс хатпен, дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, Байдаулетова В Халықаралық Информатика пәнінен ұстаздар арасында олимпиадаға қатысқаны үшін, Республикалық «SMART ұстаз: кәсіби жетістік жолы» Блиц-турниріне қатысқаны үшін сертификатпен, Сапбекова А. Bilimger .kz республикалық білім порталында өз еңбегін жариялау арқылы Қазақстан аумағында өз тәжірибесімен бөліскен үшін сертификатпен, дипломдармен марапатталды.