Пандемия кезеңінде өмір сүріп жатқанымызға бір жылдан асты. Барлық ауруханалар мен емханалар күрделі жұмыс кестесіне ауысты. Облыста қатаң карантин шаралары енгізілді. Осынау сын сағатта негізгі салмақ жедел жәрдем қызметіне түсті. Бір күнде шақыртулар саны — 1800- 2000 дейін өсті.
«Біздің станса –Жамбыл облысындағы үлкен мекемелердің бірі. Мұнда қызметкерлер де өте көп. Бір тәулікте облыс тұрғындарына 93 бригада қызмет көрсетеді, 93 жүргізуші мен 150 медицина қызметкерлері күндіз-түні аяғынан тік тұрып, жаны қиналғандарға алғашқы көмектерін көрсетіп, қажет болған жағдайда ауруханаларға жеткізеді» – дейді облыстық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары Күлзахира Қызғараева.
Соңғы тәулікте 1800-ден астам қоңырау соғылды. 226 адам коронавирус инфекциясымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Облыста 2130 науқас стационарлық ем қабылдап жатыр. Жатын орын 59 %- ға толтырылған. Жансақтау бөлімшесінде — 173 пациент емлуде.
Құрметті облыс тұрғындары! Егер 103 нөмірін теру кезінде бір себептермен қиындық туындаса, онда 9103 нөміріне қоңырау шалуға болады.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі