• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады

19.08.2021
0
Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады
97
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакаланы Еуразиялық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.

Тери Хакала Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуразиялық Кеңестің Президенті Шарль Мишелдің сәлемін жеткізді. Онда Кеңес басшысының Қазақстан Президентін осы жылдың соңына дейін Брюссельге шақыратыны айтылған.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиялық Одақпен өзара стратегиялық іс-қимылына оң баға берді. 2020 жылдың наурыз айында күшіне енген Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім осы қатынастарға тың серпін берді.

– Біз Еуразиялық Одақпен қарқынды сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жоғары бағалаймыз. Қазақстан – Еуразиялық Одақтың Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы 24 миллиард долларға жуықтады, –  деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы мен Еуразиялық Одақтың арнаулы өкілі дағдарыстан кейінгі кезеңде өзара іс-қимылдың бағыттары ішінде жаңартылатын энергетика, жоғары технологиялар, инфрақұрылым мен денсаулық сақтау салаларына ерекше басымдық берілетінін атап өтті.

Халықаралық күн тәртібін талқылау барысында Ауғанстандағы жағдайға ерекше мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда күрт өзгерген әскери-саяси жағдайға байланысты туындап отырған сын-қатерлерге алаңдаушылық білдірді. Президенттің айтуынша, бұл жағдайдың бар ауыртпалығы қақтығыс аймағына жақын орналасқан Орталық Азия мемлекеттеріне сезіліп отыр.

Тараптар Ауғанстанның барлық аумағында жуық арада жағдайдың тұрақталып, қоғамдық тәртіптің орнығуына, адам құқықтары мен еркіндігінің сақталуына және Кабулдың халықаралық әуежайынан адамдарды кедергісіз көшіруге қатысты пікірлерін білдірді.

Қазақстан Президенті мен Арнаулы өкіл Орталық Азия елдері мен Еуразиялық Одақ арасындағы қарым-қатынаста аталған мәселенің маңызын ескере отырып, байланыстарды қолдауға дайын екендерін нақтылады.

Тери Хакала Қазақстанның төрағалығымен Женевада өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлерінің конференциясын қолдайтынын айтты.

Әңгімелесу барысында Тараптар Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылдары мен келешегі, оның ішінде Түрікменстанда өткен Мемлекет басшыларының үшінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz

Танымал жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (2 бөлім)

09.07.2026
0

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

Сайлау додасы қызып тұр: «Әділет» партиясының тізімінде Жамбылдан кім бар?

12.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

Отбасы – қоғамның алтын діңгегі: Қазақстандағы отбасылық құндылықтар қалай өзгеріп жатыр?

10.06.2026
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский