Жамбыл облысында 17.08.2021ж. дейін тәулігіне – 5100 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 2565 адамға, 2 — айналымда 2535 адамға екпе жасалды. 17.08.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 327469 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 56,3%-ды құрайды, оның ішінде 18775 — медицина қызметкерлері (5,7%), 37066 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (11,3%), 18941 – күш құрылымының мамандары (5,8%), 7289 — мемлекеттік қызметкерлер (2,2%), 13448 — студенттер (4,1%), 571 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,2%), 49109 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (15%) және 182270 — басқалары (55,7%).
Екпе алған 327469 адамның, 249715 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 66728 доза және 2 компонент 38726 доза; «QazVac» 1 айналымына 252 дозаның және 2-ші айналымына 3896; «CoronaVac» — 1553 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 2 айналымына — 1326 доза. Синофарм VeroCell 1 тур — 21 867 доза. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі