Бүгін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілерге арналған «2021 -2022 оқу жылы жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық тамыз кеңесінің секция отырысы (zoom бейнебайланыс) режимінде өткізілді. Барлығы 293 педагог секция жұмысына қатысты.
Секция отырысында «Назарбаев зияткерлік мектептері: үздік тәжірибе, инновация», «Тәрбие жұмысы жүйесін жетілдірудің жаңаша бағыттары», «Ұстаздардың оқушылардың ата-аналарымен ұтымды байланыс құра білуі» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды және 2021-2022 оқу жылындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері таныстырылды.
Дереккөз – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы