Жамбыл облысында 16.08.2021ж. дейін тәулігіне – 6046 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 3168 адамға, 2 — айналымда 2878 адамға екпе жасалды. 16.08.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 324904 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 55,8%-ды құрайды, оның ішінде 18734 — медицина қызметкерлері (5,8%), 36976 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (11,4%), 18935 – күш құрылымының мамандары (5,8%), 7259 — мемлекеттік қызметкерлер (2,2%), 13162 — студенттер (4 %), 571 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,2%), 48457 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (15%) және 180810 — басқалары (55,6%).
Екпе алған 324904 адамның, 247180 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 69088 доза және 2 компонент 41216 доза; «QazVac» 1 айналымына 324 дозаның және 2-ші айналымына 3914; «CoronaVac» — 1558 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 2 айналымына — 1348 доза. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.