Жамбыл облысында 10.08.2021ж. дейін тәулігіне – 5668 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 3146 адамға, 2 — айналымда 2522 адамға екпе жасалды. 10.08.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 308970 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 53,1%-ды құрайды, оның ішінде 18578 — медицина қызметкерлері (6%), 36335 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (11,7%), 18865 – күш құрылымының мамандары (6,1%), 7042 — мемлекеттік қызметкерлер (2,3%), 11830 — студенттер (3,8%), 569 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,2%), 44456 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (14,4%) және 171295 — басқалары (55,4%).
Екпе алған 308970 адамның, 233922 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 84287 доза және 2 компонент 54096 доза; «QazVac» 1 айналымына 1059 дозаның және 2-ші айналымына 4012; «CoronaVac» — 1 дозадан тұратын 1-ші айналымға 0 және 1683 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 1 айналымына 0 доза және 2 айналымына — 1503 доза. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі