Жылыту маусымы аяқталғанымен Тараз қаласында ыстық судың берілуі тоқтатылған жоқ, жалпы барлығы 919 көпқабатты тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етілуде. Жылыту маусымына жылу желілері мен қазандықтарды дайындау мақсатында 2021 жылдың 1 тамызынан бастап 15 тәулікке (яғни 15 тамызға дейін) ыстық судың берілуі уақытша тоқтатылды. Жылу желілері мен қазандықтардағы жөндеу жұмыстары басқарманың тұрақты бақылауында. 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымы кезеңдерінде отын-энергетика кешендерімен тұтынылатын әлеуметтік мазуттың көлемі жасақталып, ҚР Энергетика министрлігіне бекітуге ұсынылды. 2021 жылға Жаңатас қаласының орталық қазандығын табиғи газға ауыстыру жолымен қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
86 елді мекендегі 156 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын табиғи газға ауыстыру жұмыстарын кезең-кезеңмен жүргізу үшін іс-шаралар жоспары бекітілді. 2021 жылға 9 жоба іске асырылуда. Сонымен қатар, «Ауыл — Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2022 жылға қаржыландыру үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне 17 жоба ұсынылды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша:
2021 жылы жалпы 59 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған, оның ішінде Тараз қаласында 57 үй, Шу қаласында 2 үй. 2022 жылға 50 үйді жөндеуден өткізу үшін 3,2 млрд.теңгеге бюджеттік өтінім қолдау тауып отыр. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 11 аулада абаттандыру жұмыстары аяқталды, 17 аулада абаттандыру жұмыстары жалғасуда. (2021 жылғы жоспар – 25 аула, нақты 28 іске асуда, Тараз қ. – 16 (1 аяқталды), Сарысу ауд – 10 (жұмыстар аяқталған), Шу ауданы — 2 аула).
Мемлекет басшысының 01.09.2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 143-тармағын орындау мақсатында, мүлік иелерінің бірлестіктері және жай серіктестік институтын енгізу бойынша реформа іске асырылуда. Жыл соңына дейін облыста 1814 көпқабатты тұрғын үйлерде жаңа басқару нысандарын құру жоспарланған. Министрлікпен ақпарат алмасуды цифрландыру үшін енгізілген «Easy project» жүйесі республикада алғашқы болып Жамбыл облысында енгізіліп, қазір таңда сәтті жұмыс атқаруда.
Ауызсумен қамтамасыз ету бойынша 2020 жылы 50 ауыз сумен жабдықтау нысандарының құрылысы жүргізілді. Оның ішінде, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 28 нысан, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 22 нысан. Соның ішінде, 34 нысан 2020 жылы аяқталса, 16 нысан 2021 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен 38 ауылдық елді мекенде тұратын 61 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылып, қамтылу деңгейі 82,1 % құрады. Ал, қалаларда ауыз сумен қамту деңгейі
88,9 % құрады.
Газдандыру саласы бойынша 2020 жылы 31 газдандыру нысанының құрылысы жүргізілді. Соның ішінде, 21 нысанның құрылысы 2020 жылы аяқталса, 10 нысанның құрылысы 2021 жылға өтпелі болды. Жыл қорытындысымен 95 мың тұрғынды табиғи газбен қамту үшін жеткізуші газ құбырлары салынды. Жылу энергетика саласы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 2020 жылы 17 жоба іске асырылып, 18,6 шақырым жылу желілері ауыстырылды. Оның ішінде, Тараз қаласында 7 жоба аясында 4,268 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылып, 7,184 шақырым жылу желілері ағымдағы жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде, жылу желілердің тозу деңгейі 2,8%-ға төмендеді немесе желілердің тозуы 49,7% құрады.
Электроэнергетика саласы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан «Тараз қаласы автовокзал ауданындағы 14 мөлтек ауданына және «Барысхан» жаңа тұрғын алқабына 110/35/10 кВ және ВЛ-110 қосалқы станция құрылысын салу жобасы» құрылысын аяқтап ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Аталған қосалқы станциясы алдағы уақытта бой көтеретін 14 мөлтек ауданын және басқада әлеуметтік нысандарын электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды