Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау жалғасуда Жамбыл облысында 04.08.2021ж. дейін тәулігіне – 7729 адам екпе алды, оның ішінде 1- айналымда 2766 адамға, 2 — айналымда 4963 адамға екпе жасалды. 04.08.2021ж. жағдай бойынша 1 рет барлығы – 294882 адам вакцинацияланды, бұл 582 мың адамның 50,7%-ды құрайды, оның ішінде 18418 — медицина қызметкерлері (6,2%), 35558 — білім беру ұйымдарының қызметкерлері (12%), 18833 — күш құрылымының қызметкерлері (6,4%), 6798 — мемлекеттік қызметкерлер (2,3%), 10654 — студенттер (3,6%), 569 — әлеуметтік мекеме қызметкерлері (0,2%), 41192 — созылмалы аурулары бар тұлғалар (14%) және 162860 — басқалары (55,2%).
Екпе алған 294882 адамның, 215875 вакцинаның екінші компонентін алды. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Облыста ковидке қарсы вакцинацияның қалған бөлігі: «Спутник V» — 1 компонент 59790 доза және 2 компонент 64011 доза;«QazVac» 1 айналымына 2434 дозаның және 2-ші айналымына 4159; «CoronaVac» — 1 дозадан тұратын 1-ші айналымға 0 және 1885 дозадан тұратын 2-ші айналымға; «Hayat-Vax» — 1 айналымына 0 доза және 2 айналымына — 1686 доза. Вакцинация жұмыстары жалғасуда.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі