• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
24.11.2026, 17:14
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бердібек Сапарбаев журналистерді марапаттады

turan_admin turan_admin
26.06.2021, 15:27
Облыс жаңалықтары
Бердібек Сапарбаев журналистерді марапаттады
154
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев алдағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай бірқатар жергілікті журналистер қауымымен кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Т. Рысқұлов ауданындағы «Тау самалы» демалыс орны аумағында өткен шараға республикалық, облыстық газеттер мен телеарналардың меншікті тілшілері, өкілдері қатысты.

Өз кезегінде аймақ басшысы төртінші билік өкілдерінің қоғамдағы жоғарғы орнын атап өтіп, олардың жұмысының маңыздылығын тілге тиек етті.

— «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әлемдегі, айналадағы, оқиғаларды хабарлап отыратын, қоғам мен үкіметті байланыстыратын сала – журналистика екені сөзсіз.

Сіздер ешқандай қиындыққа қарамай, өз кәсіптеріңізге деген аса сүйіспеншілкпен жұмыс жасап келесіздер. Пандемия жағдайында да төнген қауіпті елемей, халыққа шынайы әрі шұғыл ақпарат таратуда аянбай еңбек еттіңіздер.

Бүгінде өмірімізге етене еніп жатқан жаңа технологиялар ақпарат саласына да жаңа талаптар мен мүмкіндіктер беруде десек, өңірдегі дәстүрлі журналистика бұл үдерісті тиімді игеруде.

Қазіргі таңда облыста түрлі деңгейдегі 85 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген десек, олардың әрқайсысы өз бағыттары бойынша жұмыс атқаруда. 100 жылдан астам тарихы бар облыстық «Знамя труда» газеті, келер жылы бір ғасырлық мерейтойын атап өткелі отырған «Ақ жол» газетінде көптеген қайраткер-тұлғалардың ізі қалғаны біз үшін үлкен мәртебе. «Арай» жастар газетінің де алар асуы алда деп білемін. Сол секілді жергілікті «Jambyl» телеарнасы талай талаттарды түлеткен қара шаңырақ десек, «77TV» мен «Тараз 24» телеарналары жас журналистердің шеберханасына айналып үлгерді. Өңірегі БАҚ тізімі жыл сайын толығып отырғаны да бізді қуантады. Ол бәсекелестік пен сапаның артуы мүмкіндік ашады, — деген Бердібек Сапарбаев өзінің БАҚ өкілдеріне әрдайым ашық екенін, олармен тығыз байланыста жұмыс атқарып келе жатқандығын баса айтты.

Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы драматург Елен Әлімжан, жазушы, «Жамбыл» журналының бас редакторы Несіпбек Дәутаев та журналистиканың маңыздылығына тоқталып, жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бұдан соң ақпарат саласында елеулі еңбек етіп жүрген бір топ журналистерге түрлі марапаттар табысталды. Атап айтсақ, ардагер-журналистер Құрманбек Әлімжан мен Мейірбек Мәтенов «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, ал республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Хамит Есаман, облыстық «JAMBYL» телеарнасының директорының орынбасары-бас редактор Айбол Қарашев, «АРАЙ» газетінің бас редакторы Дәулет Төленді, Тараз қалалық «Jambyl-Тaraz» газетінің директор-бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали, Талас аудандық «Талас тынысы» газетінің директор-бас редакторы Дүйсенәлі Молдақұловтар «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ, басқа да сала қызметкерлеріне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің, облыс әкімінің, мәслихаттың Құрмет грамоталары, облыс әкімінің Алғыс хаттары табыс етіліп, мерейлері тасыды.

Кездесу орамды ойлар мен пайымды ұсыныс-пікірлер ортаға салынған еркін форматтағы сұхбатқа ұласты.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев БАҚ өкілдері арасында өткен Шерхан Мұртаза атындағы дәстүрлі спартакиаданың жеңімпаздарын марапаттады. Барлық ойындардың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық бірінші орынды “Taraz press”, екінші орынды «Taraz 24», үшінші орынды «Jambyl TV» құрамасы иеленді. Айта кетейік, жарысқа барлығы 8 команда қатысты десек, олардың құрамында 130-дан астам ойыншы болды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

Таразда ASPARA FASHION DAY 2026 Халықаралық сән фестивалі өтті

21.11.2026, 20:35
Аппарат басшысының орынбасарлары тағайындалды

Туризм және инвестиция басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

17.11.2026, 11:43
Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

Жамбылдағы жаңа басқарма басшысы неге төрт айдан кейін Алматыға ауысты?

17.11.2026, 10:26
Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

Су, газ және жылу желілерін жаңғырту, 20 мыңнан астам жұмыс орны: «Әділет» кандидаттары Шу ауданының тұрғындарымен кездесті

13.11.2026, 20:57
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауызсу, газ, жол және ауыл тазалығы Амалбек Бейбіттің сайлауалды бағдарламасына енді

24.11.2026, 14:58

Ветеринар маман Амалбек Бейбіт ауыл шаруашылығын дамыту және мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттыру мәселесін көтермек

24.11.2026, 14:57

Жастардың шығармашылық бастамалары мен ұлттық спортты дамыту Заида Рысқұлованың бағдарламасына енді

24.11.2026, 14:56

Заида Рысқұлова ауылдық мәдениет үйлерінің жұмысын жандандыруды ұсынды

24.11.2026, 14:55

Қуаныш Заурбеков ауыл жолдарын жөндеу, ауызсу және көше жарығы мәселелерін көтермек

24.11.2026, 14:52

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    Жолдау — 2026. «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облыстық мәслихатына үміткерлер анықталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қалалық мәслихатына 88 үміткер тіркелді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Марат Ирменов ҰҚК төрағасы болып тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараздағы тергеу изоляторына жаңа бастық тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Сайлау-2026
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.