Жамбыл облысының Полиция департаментіне күн сайын өңір тұрғындары алғыстарын білдіріп тұрады. Бүгін, 31 наурызда облыстық полиция басшысы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменовтің атына кезекті алғыс білдірген хат келді.
Түрксіб ауылының тұрғыны Райхан Бошахаева Жамбыл ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мұрат Құдайбергеновке және учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Қанат Еркебаевқа кәсіби жұмысы және уақтылы көмегі үшін шынайы алғысын білдіреді.
Мен 15 жыл бойы ағамның ішімдікке салынуы салдарынан зардап шектім, менің төзімім таусылды, ал бұл жағдай денсаулығыма нұқсан келтірді. Ол әрдайым жасырынып ішіп, көптеген жылдар бойы жазасыз қалды. Тек полиция қызметкерлерінің арқасында ағам мәжбүрлеп емделуге жіберілді — деп жазады Р.Б.Бохашева.
Р.Бохашова хатының соңында аудандық полиция қызметкерлері ішімдікке тәуелді басқа да отбасыларға
көмектескенін айтып, барлық тұрғындар атынан полиция қызметкерлеріне мықты денсаулық, отбасына амандық және қызметте табыс тіледі.